Аудан әкімі Аян Бейсекин шаруашылық субъектілерін аралап, аграрийлердің егіс жұмыстарына деген дайындығымен танысты. Әкім бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды. - «Абай атындағы» ЖШС, «Ертіс ТШ», «Оразбаев», «Смағұл», «Замандас» шаруа қожалықтары 28 000 гектар алқапта ылғалдың жабылуын жүргізді. «Талапкер» ШҚ, «Болашақ» ФҚ 2 000 га астам аумақты жаппай жырту жұмыстарын атқарды. Көктемгі егіс жұмыстарына 56 егіс кешені мен 158 трактор жұмылдырылады, - дейді Аян Бейсекин.
Бұдан басқа егіс алқабына ағымдағы жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін сатып алынған 23 жаңа техника шығарылады. Көктемгі егіс жұмыстары басталғанға дейін қосымша 640 млн теңгеден астам қаражатқа 12 техника сатып алынады.