Аймақтар • 20 Сәуір, 2020

Павлодар облысында шағын және орта кәсіпорындарда 134, 5 мың адам жұмыспен қамтылған

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық статистика департаменті биылғы қаңтар-наурыздағы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларын мәлім етті.

Павлодар облысында шағын және орта кәсіпорындарда 134, 5 мың адам жұмыспен қамтылған

Облыстан жалпы құны 145,2 миллион АҚШ долларына тең тауар шығарылған. Осы аралықта негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 54,3 млрд теңгеге жеткен.

Ал инвестициялардың негізгі көзі меншікті қаражат болса, ол инвестиция көлемінің 73,6 пайызын құрайды. Өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 14,5 млрд теңгені құрайды.

Жалпы алаңы 48 мың шаршы метр тұрғын үйлер алаңы пайдалануға берілді. Департаменттің хабарлауынша, өнеркәіс өндірісінің көлемі 503,2 млрд теңге болған.

2020 жылғы қаңтар-ақпандағы облыстың ЕАЭО мүше мемлекеттермен өзара саудасы 242 миллион АҚШ долларын құрады. Ал облысқа әкелінген тауарлардың көлемі 96,8 миллион АҚШ долларына тең.

Сонымен қатар, 1 сәуірдегі жағдай бойынша облыстың бизнес құрылымындағы шағын және орта кәсіпкерліктің  жұмыс істеп тұрған нысандарының саны 44868 бірлікті құраса, оның  3302-і фермерлік қожалықтары.

Шағын және орта кәсіпорындарда 134, 5 мың адам жұмыспен қамтылған.

Павлодар облысы