Қоғам • 20 Сәуір, 2020

40 отандасымыз Минскіден Қазақстанға оралды - СІМ

214 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусь елінен Қазақстанның 40 азаматы, оның ішінде кәмелет жасқа толмаған 6 бала Қазақстанға әкелінді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

 

40 отандасымыз Минскіден Қазақстанға оралды - СІМ

«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің, сондай-ақ Беларусь Республикасының мемлекеттік органдарының бірлескен күш-жігерімен біздің 40 отандасымызды, оның ішінде кәмелет жасқа толмаған 6 баланы Қазақстанға қайтару жұмысы сәтті жүргізілді», делінген хабарламада.