Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Тағы екі елді мекен толықтай оқшауланды

1793 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданының аумағынан коронавирус белгісі табылған адам саны азаймай тұр. Осы сәтке дейін індет жұқтырғандарды үлесі 25 тұрғынға жетті.

Алматы облысы: Тағы екі елді мекен толықтай оқшауланды

Кеше аудандағы Шелек ауылынан бес науқас бірден анықталды. Қауіп деңгейінің жоғары болуы мен сақтық шарасын күшейту мақсатында Еңбекшіқазақ ауданының бас санитар дәрігерінің қаулысымен ауыл аумағы толықтай карантинге жабылды.

Сондай-ақ аудан орталығы Есік қаласы да бүгіннен бастап оқшауланды. Қазір Есіктегі жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирустан ем қабылдап жатқан науқас саны көбейгендіктен және қаладағы індет тарау қаупі күшейгендіктен ауданның бас санитар дәрігері осындай шешім қабылдап отыр.