Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Атырау: Қала алты секторға бөлінді

665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Атырау қаласы күшейтілген   карантин талабын сақтау үшін  алты секторға бөлінді.

Атырау: Қала алты секторға бөлінді

Қазір қала көшелердегі аталған секторда  34 мобильді бекет орнатылған.

«Оған 80 қызметкер тартылды. Сондай-ақ 16 автопатрульде 40 тәртіп сақшысы   кезекшілік атқаруда. Ал, жаяу патрульдеу бекеттерінің 68 қызметкері тұрғын үй орамдарында  бақылау жүргізеді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

 

Жұмасат ҒАЗИЗ