Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Таразда тіркелген 4 адам вирус жұқтырғандармен байланысқан

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Тараз қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған төрт адам анықталды.

Таразда тіркелген 4 адам вирус жұқтырғандармен байланысқан

Төртеуі де өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен байланыста болған. Карантиндік стационарға жатқызылған кезде ПТР зерттеуге алынған анализ нәтижесі олардың коронавирусты жұқтырғанын көрсетті.

Науқастар жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Олармен байланыста болған адамдарды, вирусты жұқтыру жағдайын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар жүргізілді.

Өңірде 65 адамның коронавирусты жұқтырғаны тіркелген, олардың ішінде: Тараз қ. ‒ 15, Байзақ ауданы ‒ 3, Жамбыл ауданы ‒ 4, Қордай ауданы ‒ 33, Меркі ауданы ‒ 2, Мойынқұм және Шу аудандарында бір-бір адамнан анықталған. Дели ‒ Тараз рейсінің жолаушыларының қатарынан ‒ 6 адам.

21 сәуірдегі жағдай бойынша 11 адам сауығып шыққан және қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында үй карантині режимін сақтап отыр.

Жұқпалы аурулар стационарында 50 адам емделіп жатыр.