Қазақстан • 21 Сәуір, 2020

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

172 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 21 сәуірге арналған ауа райы болжамын хабарлады.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

«Антициклонның ықпалы еліміздің басым бөлігіне өз ықпалын жалғастырады - жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батысында, солтүстік-батысында және еліміздің солтүстік шетінде циклонның ығысуына орай, кей жерлерде жаңбыр жауады, күн күркірейді», делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде +10+12.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +23+25, түнде +9+11.

Шымкентте жауын-шашынсыз. Шығыстан 8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +20+22, түнде +11+17.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +24+29, түнде +8+13.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +27+32, түнде +11+16.

Қостанай облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +18+23, түнде +3+8.

Алматы облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +23+28, түнде +8+13.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +22+27, түнде +8+13.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жауын-шашынсыз, түнде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, тұман түседі. Күндіз +20+25, түнде +8+13.

Павлодар облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +24+29, түнде +5+10.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз, Күндіз +20+25 (оңтүстігінде +25+30), түнде +3+8 (оңтүстігінде +11).

Ақтөбе облысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, кей жерлерде тұман түседі. Күндіз +20+25, түнде +5+10.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +14+19, түнде +6+11.

Атырау облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25, түнде +10+15.

Маңғыстау облысында жаңбыр жауады, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +18+23, түнде +11+16.

Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +27+32, түнде +10+15.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +20+25, түнде 0+5.