![«Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидалары бекітілді](/media/2020/04/21/20190222135723.jpg)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №204 Қаулысы
«Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидаларын және оның мөлшерін бекіту туралы
«Педагог мәртебесі туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған «Үздік педагог» атағын иеленушіге сыйақы төлеу қағидалары бекітілсін.
- «Үздік педагог» атағын иеленушіге 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы белгіленсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин