Аймақтар • 21 Сәуір, 2020

Алматы қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық, 150 карантиндік төсек-орын ашуға мәжбүр

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түс қайтқанша БАҚ өкілдері қойған сауалдарға әдеттегідей бір де бір жарытымты жауап бермеген Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, осы сәттерде қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық және 150 карантиндік төсек-орын ашылғаны туралы хабарлады.

Алматы қосымша 150 жұқпалы, 60 провизорлық, 150 карантиндік төсек-орын ашуға мәжбүр

Ал емделіп жатқан науқастарға медициналық көмекті тек обаға қарсы костюм киген медицина қызметкерлері көрсетуде.

Пациенттермен коронавирусқа талдаулары теріс қорытындысы бар медицина қызметкерлері жұмыс істеп жатқан көрінеді.

COVID-19 диагнозы қойылған медицина қызметкерлері жұмыстан шеттетіліп, инфекциялық стационарлар мен бөлімшелерде емделуде.

Әкімшілік қызметкерлерді әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде. Карантин және жабық кеңістікте болу жағдайында адамдардың психологиялық жай-күйі нашарлауы мүмкін екенін ескере отырып, ұжымда коммуницирлеудің барлық әдістері қолданылуда.

Сондай-ақ, қаланың барлық медициналық ұйымдары қажетті жеке қорғану құралдарымен толық жабдықталғанын қосымша айта кеткен жөн.