Қоғам • 21 Сәуір, 2020

Науқастарға 27 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілді - Берік Шәріп

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы «СҚ Фармация» Басқарма төрағасы Берік Шәріп Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте айтты.

Науқастарға 27 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілді - Берік Шәріп

«Төтенше жағдайға қарамастан дәрі-дәрмек елдің барлық өңірлеріне жеткізіліп жатыр.  Жалпы 2020 жылға бірыңғай дистрибьютер аясында 1385 атаулы дәрі-дәрмек 259 млрд теңгеге шарт жасалды. Оның ішінде медициналық мекемелерге 86 млрд теңгеге дәрі-дәрмек толығымен жеткізілді», -  деді Б.Шәріп.

Сондай-ақ ол науқастарға қолма-қол тегін 27 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі берілгенін атап өтті.

«Медициналық мекемелерде 27 млрд теңгенің дәрі–дәрмек қалдықтары бар. Стационарлық деңгейде жыл басынан бастап 39 млрд теңгенің дәрі-дәрмегін жеткіздік. Қазір ол медициналық мекемелерде коронавирусты емдеу үшін қолданылып жатыр. Оның ішінде антибиотиктер мен қызуды түсіретін препараттар бар. Оны барлық медициналық мекемелерге жеткізіп жатырмыз. Десе де дәрілерді жеткізу бойынша қиындықтар туындап жатыр. Мысалы, Үндістанның шекарасы жабық. Сондықтан кейбір дәрі-дәрмектің жетуі кешіктірілуде. Бұл мәселелер шешіліп жатыр. Биыл қазан айынан бастап, желтоқсан айына дейін сатып алу рәсімдерін өткіздік. Сондықтан да қоймаларда дәрі-дәрмектер болды», - деді ол.