![Елордада екі жасар бала коронавирустан жазылып шықты](/media/2020/04/21/aa6a85c2923f3fa6f5cabb16f20c2fb1.jpeg)
Қазақстан бойынша коронавирус індетінен сауығып шыққандардың саны - 476 болса, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 205 адам.
21 сәуірде жазылып шыққандардың қатарында екі бала бар. Олар 2015 жылғы ер бала мен 2018 жылғы қыз бала. Инфекциядан сауыққан жүкті әйел 17 сәуірде босанып, дүниеге қыз әкелді. Сәбидің сараптама нәтижесі - теріс. Нұр-Сұлтан қаласында коронавирусты жұқтырудың 390 жағдайы тіркелді.