![Оқшаулау кезінде теріс эмоцияларды қалай тежеуге болады?](/media/2020/04/21/1000x745_0xac120003_20089731521583412619.jpg)
«Мәжбүрлі оқшаулау кезінде әрқайсымызда жағымсыз эмоциялар пайда болады. Осы жағдайда не істеу керек? Мен мұны өздеріңіз бен отбасы үшін пайдалы жасауға кеңес беремін. Мысалы, спортпен, әдебиет оқумен айналысуға. Ең бастысы – бос отырмаңыз! Сол арқылы сіз жаныңыз бен тәніңізді шыңдай аласыз және негативке оңай төтеп бересіз», – дейді Л.Құттыбекқызы.
Карантин кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өсуі байқалғаны рас. Бұл отбасына теріс әсер етіп, оның әрбір мүшесінің, әсіресе балалардың жанын жаралайды.
«Үлкендердің есіне салғым келеді: карантин – уақытша құбылыс, вирусты жеңу – уақыт ісі. Жан жарақатын емдеу өте қиын. Бір-біріңізді бағалаңыз және құрметтеңіз, әр минутты пайдалы өткізіңіз», – дейді Лимана Құттыбекқызы.