Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Атырау: Мотоцикл жүргізушісіне алты баппен хаттама толтырылды

377 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі, полиция аға лейтенанты Асхат Қуанышқалиевтың айтуынша, 19 жастағы жігіт мемлекеттік нөмірі жоқ мотоциклді жүргізуші куәлігінсіз басқарған.

Атырау:  Мотоцикл жүргізушісіне алты баппен хаттама толтырылды

Ол Сәтбаев көшесі бойында патрульдік полиция қызметкерінің тоқтатқанына қарамастан,  күшейтілген карантин талабын, жолда жүру ережесінің бірнеше бабын бұзыпты.

– Атырау қалалық ішкі істер басқармасының  қызметкерлерімен құқық бұзушыға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимін бұзу), сондай-ақ, осы кодекстің тағы  (590, 596, 599, 612, 613) бес бабы  бойынша хаттамалар толтырылды. Мотоцикл  айып тұрағына қойылды, -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Жолдасбек Көшербайұлы