Жаңа емхана салынып біткенімен, алғашқы науқастарды мамыр айынан бастап қабылдайды. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин бұл күнде мұнда медициналық жабдықтардың орнатылғанын, енді жиһаз түрлерінің жеткізіле бастайтынын айтты.
Тізіміне 20 мың адамға дейін тіркеле алатын емхананың ғимараты тұрғындар мол шоғырланған ауданда орын тепкен. Бұған дейін басы ауырып, балтыры сыздаған жұрт дәрігердің қабылдауына бару үшін бірнеше шақырымды артқа тастап, әуре-сарсаңға түсуші еді.
Жаңа емхана бой көтерген жерде тағы бір нысан – дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Негізінен алғанда, ғимараттың сыртқы құрылысы біткен, ал ішкі жұмыстары аяқталуға жақын.
Ендігі жұмыстың үлкені жаңа ғимараттың айналасын абаттандыру болып тұр. Екі нысанға да қатысы бар бұл жұмыстар маусым айында аяқталуы тиіс. Құрылысшылар қазіргі қарқынынан таймаса, бұл шаруаның да уақытымен және сәтімен іске асатын түрі бар.
Қарағанды облысы