Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Отандық ортопедиялық аяқ киім кәсіпорны пациенттермен қалай байланысып отыр?

784 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Отандық протездер мен ортопедиялық аяқ киім шығаратын жетекші кәсіпорын қатаң карантин кезінде пациенттермен қалай байланыс орнатып отыр?

Отандық ортопедиялық аяқ киім кәсіпорны пациенттермен қалай байланысып отыр?

Коронавирус індеті біздің өмірімізге де айтарлықтай өзгерістер әкелді.  Қазақстандық қалалардың ішінде бірінші болып қатаң карантинге жабылған  Алматының көптеген кәсіпорындары өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Алайда, олардың арасында ерекше қажеттіліктері бар жандарды жеке медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтін ерекше кәсіпорын бар. Мүгедектерді және тірек-қимыл аппараты патологиясы бар адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалту көмегімен үйлестіре отырып, өтемдік құралдармен қамтамасыз ететін осындай кәсіпорындардың бірі – Алматы қаласындағы «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ (РПОО).

Аталмыш компания Алматыға ғана емес, Қазақстанның басқа да өңірлеріне қызмет көрсетеді, халықтың барлық жіктері үшін протездік-ортопедиялық бұйымдарды дайындайды. Әрине, мұндай кәсіпорынның қызметі тоқтаған кезде, оның пациенттерінде алаңдаушылық пайда болатыны рас, көптеген сұрақтар да туындайды – мен өз керек-жарағымды ала аламын ба, ол үшін маған не істеу керек, күрделі өтпелі кезеңді қалай бастан кешіруге болады және т. б.

«Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ президенті Николай Петровтың айтуынша, пациенттермен тұрақты байланыс орнату үшін «арнайы желі» іске қосылған, орталық мамандары көкейдегі барлық сұрақтарға жауап беруге дайын. Күніне көптеген қоңыраулар келіп түседі. Сондай-ақ орталықтың еңбегі сіңген, кәсіби екі дәрігері телефон арқылы кеңес беруді жалғастырып отыр. Бұлар – 40 жылдық еңбек өтілі бар протезші, елдегі өз саласының ең үздік мамандарының бірі Евгения Павловна Попкова мен кеңес алу үшін бүкіл Қазақстанның пациенттері жүгінетін ортопед-дәрігер Қалқа Жұмағұлқызы Жұманова.

дд

– Бізге әр түрлі мәселелер бойынша күн сайын телефон арқылы хабарласып жатады. Тұрақты пациенттеріміз ғана емес, аяқ астынан  қайғылы жағдайға тап болып, біздің орталыққа алғаш рет жүгінетін адамдар да жеткілікті. Ең алдымен, біз оларды сабырға шақырып, үміт отын ұялатуға тырысамыз. Біріншіден, мамыр айында біздің кәсіпорын өз жұмысын бастайды деп пайымдаймыз, пациенттерге күндізгі және толық көлемде көмек көрсетеміз. Екіншіден, карантин аяқталғаннан кейін, бұйымдарды дайындауды бірден бастап кету үшін тұрақты пациенттерімізбен протез-ортопедиялық бұйымдарды әзірлеу жөніндегі практикалық мәселелерді – материалдар мен пішіндер, дайындау мерзімдері, қажетті құжаттарды ресімдеу талқылауға тырысамыз. Бізге алғаш рет келіп отырған адамдармен ағартушылық жұмыс жүргіземіз – қандай протез түрлерін дайындаудамыз, бұйымды таңдау және өндіру процесі қалай құрылады, қанша уақыт алады, өлшеулер қалай және т.б. Яғни, қазір ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Осылайша біз өндіріс басталған кезде тапсырыс берушілеріміздің белгілі бір бөлігіне қызмет көрсету уақытын едәуір азайтамыз деп үміттенеміз» – дейді дәрігер-протезші Евгения Попкова.

Орталық дәрігерлері пациенттерге кез келген сұрақтар бойынша кеңес береді. Орталықтың барлық пациенттерінің қолдауды сезінуі, алғашқы кеңестерді алуы және өз проблемасымен жалғыз қалмайтындығы, барлық қажетті компенсациялық құралдармен қамтамасыз етілетіне көз жеткізуі маңызды.

– Пациенттерімізбен үнемі байланыста болу үшін арнаулы телефон желісі ашылды. Біздің дер кезіндегі кеңесіміз бен қолдауымыздың жоқтығы мүмкіндігі шектеулі адамдардың жағдайын одан әрі қиындатады. Біз, әрине, ортопедиялық бұйымдарды алуға, бұйымдардың түрі мен моделін таңдауға, оны кию ерекшелігіне байланысты нақты мәселелер бойынша жүгінетіндердің барлығына кеңес береміз.Сұрақтар көп, бір жылдан астам уақыт бойы біздің пациент болып келген жандар да түрлі сауалдармен хабарласады. Алғаш рет осындай проблемаға тап болған адамдар туралы не деуге болады?

Мысалы, өткен күндері табан сүйегінде дефекті бар баланың анасы қоңырау шалды. Жылайды, не істеу керектігін білмейді. Біз оны тыныштандырдық, ортопедиялық аяқ киімді дұрыс киген жағдайда оңалтуға жол ашылатынын айттық. Ең бастысы, қамықпай, мамандармен тезірек жұмыс істеуді бастау орынды. Біз бұл әйелді алдын-ала мамыр айының бірінші жартысында кездесуге жаздық. Осы отбасына көмектесіп, баланың өмірін толыққанды ете аламыз деп үміттенеміз, – дейді ортопед Қалқа Жұманова.

жжж

«Арнайы желінің» бірінші және маңызды міндеті – мүмкіндігі шектеулі жандарды психологиялық қолдау. Шынында да, ампутацияға немесе жарақат алу мен түзетуді қажет ететін ауруларға байланысты қиын жағдайға тап болған адамдар үшін  психологиялық көмек маңызды. Ал, екінші ретте орталықтың жұмысын телефон байланысы арқылы жалғастырудың өте орынды міндеті – бұл өнімді өндіруге кететін құнды уақытты азайту. Өйткені, барлық протездік-ортопедиялық керек-жарақтар әр адамға жеке жасалады.

– Дайындау процесі бірден басталмайды. Біздің пациенттерімізді қазір қандай нұсқалар бар, бұйымдарды қалай дұрыс қолдану керек, жалпы талап етілетін қадамдардың алгоритмі қалай – бағыттама алуға жүгіну мен біздің орталыққа келуге дейін, осы сауалдар оларды қызықтыруы мүмкін. Біз пациенттермен байланыса отырып, бірлескен жолымыздың бір бөлігін жүріп өтеміз, олар орталыққа өлшеуге және жеке кездесуге келген уақытта, көп нәрсе дайын болады және жасалынып үлгереді. Дәрігерлер мен мамандар протездер мен ортопедиялық аяқ киімдер туралы өзара келіседі, пациенттермен телефон арқылы егжей-тегжейлі талқылайды, бұл – орталық толық күшіне енген кезде оған дейін басталған жұмысты тез аяқтауға мүмкіндік беретін маңызды және үлкен іс, – деп атап өтті Николай Петров.

Алдағы уақытта ортопедиялық аяқ киім шығаратын цех өз жұмысын бастайды. Компанияда кәсіпорындағы барлық қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы ғана емес, сонымен қатар пациенттеріне үйден артық шықпау мүмкіндігін ұсыну арқылы карантин режимін сақтауға ықпал ету үшін барлық тапсырыстарды мекен-жайға дербес түрде жеткізуге дайын екендігін айтады.

 

 

 

АЛМАТЫ