Қазақстан • 22 Сәуір, 2020

БҰҰДБ COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстанға қолдау көрсетуде

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) халықтың осал топтары үшін COVID-19 пандемиясының әлеуметтік-экономикалық салдарын жеңілдетуге байланысты Қазақстан үкіметіне қолдау көрсету шараларын қабылдауда.

БҰҰДБ COVID-19 пандемиясы кезінде Қазақстанға қолдау көрсетуде

Осы мақсатта БҰҰДБ COVID вирусымен күреске бағытталған жедел қордан Қазақстанға арнап 100 мың АҚШ доллары мөлшерінде бастапқы грант бөлді.

COVID-19 вирусының қарқынды таралуы дамушы елдер үшін денсаулық сақтау жүйесінің дағдарысын, сондай-ақ ұзақ мерзімге ұласатын елеулі әлеуметтік-экономикалық тәуекелдерге соқтырады. Дамушы елдердегі кіріс шығындары 220 миллиард доллардан асып, 2020  жылы әлемдік экономика 3 пайызға күрт төмендейді деп күтілуде.

Климаттың өзгеруі, жаңа коронавирус пандемиясы экономиканың барлық секторларында, сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мемлекеттік басқарудан бастап елдердің тиімді дағдарыстық коммуникациялары мен экономикалық саясатына дейінгі барлық даму салаларындағы тұрақтылыққа сын-қатер туғызуда.

БҰҰ-ның COVID вирусымен күрес жөніндегі бірлескен күш-жігері шеңберіндегі шаралар туралы айтып өткен Қазақстандағы БҰҰДБ тұрақты өкілі Якуп Бериш сондай-ақ БҰҰДБ бастамалары дағдарыстан зардап шеккен тәуекел тобындағы жастар үшін жұмыс орындарын құруға бағытталған. Осы мақсатта БҰҰДБ жастарды арнайы оқыту бағдарламасын психологиялық-әлеуметтік қолдауды, тәлімгерлікті және бағдарлауды қамтитын жұмыспен қамту жөніндегі кешенді құралдарға бейімдейді.

Климаттың өзгеру салдары пандемия жағдайында да өзектілігін жоғалтпайтынын ескере отырып, БҰҰДБ қоршаған ортаны қорғау саласындағы инновациялар мен технологияларды пайдалана отырып, «жасыл» жобаларды ілгерілету шараларына қолдау білдіруде. Даму жөніндегі серіктестермен бірлесе отырып, БҰҰДБ Қазақсан Үкіметіне COVID-19 науқастарын қабылдайтын елдің емдеу мекемелерінде зарарлы медициналық элементтерді кәдеге жаратудың қазіргі заманғы технологияларын енгізу арқылы медициналық қалдықтарды жинау мен олардың айналымын қауіпсіз басқаруды қамтамасыз етуде қолдау көрсетуді жоспарлауда.