Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Жетісуда тағы 7 адамнан жұқпалы індет белгісі табылды

677 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазіргі мәлімет бойынша Қазақстандағы коронавирус жұқтырғандар саны 2047 адамға жетті.

Жетісуда тағы 7 адамнан жұқпалы індет белгісі табылды

Ал Алматы облысы аумағында 62 адамның жұқпалы індетпен ауырғаны анықталды. Осы сәтте Еңбекшіқазақ ауданының жеті тұрғынынан вирус белгісі табылды. Тұрғындардың алтауы бұған дейін ауру белгісі шыққан Шелек ауылынан екен. Қазір елді мекен толықтай оқшауланып, күшейтілген карантинге жабылған.

- Бүгін Алматы облысында жеті пламның COVID-19 жұқтырғаны белгілі болды. Олардың алтауы 1957, 1980, 1987, 2001, 2013, 2016 жылы туған Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының тұрғындары. Бәрі бұған дейін ауырған 1939 жылы туған азаматпен бір үйде тұрғандар. Бұл 6 адам Шелек ауылындағы аудандық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды, - деп хабарлайды  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ал инфекция жұқтырған жетінші жағдай Іле ауданында тіркелді. 1994 жылы туған тұрғынның диагнозы анықталғаннан кейін Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылды. Ол да бұған дейін ауырған пациентпен байланыста болған. Жұмыс барысында 25 адаммен қарым-қатынас жасаған. Олардың барлығы дәрігерлердің бақылауында.

 

Алматы облысы