Аймақтар • 22 Сәуір, 2020

Қазақстан экономикасы екінші жартыжылдықтан бастап қалыпқа келе бастайды

270 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еуразиялық даму банкіне қатысушы елдердің экономикалары 2020 жылдың екінші жартысында қалпына келтіріле бастайды. Мұндай болжам қаржы институтына жасалған шолу барысында айтылды.  ЕДБ болжамында қалыпқа келу құбылысы екі жыл бойы жалғасатыны да ескертілді.   

Қазақстан экономикасы екінші жартыжылдықтан бастап қалыпқа келе бастайды

ЕДБ мүше елдерінің экономикасының өсіміне  кері  әсер етуші фактордың екі бағытын анықтапты: «Бірінші бағыт сыртқы экономикалық жағдайдың күрделенуімен байланысты, бұл аймақ елдеріне экспорттық сұраныстың әлсіреуімен, бағаның құлдырауынан, шетелден шикізат жеткізілімінен түсетін кірістің азаюымен, дүниежүзілік құн тізбегінің бұзылуымен, ақша аударымдарының азаюымен, іскерлік көңіл-күйдің нашарлауымен байланысты. ЕДБ сарапшыларының пікірінше, банктің мүше-елдерінің ІЖӨ-нің сыртқы факторлардан шығыны 2020 жылы шамамен 2% жетуі мүмкін»  деп түсіндірді қаржы институты. ЕДБ  екінші бағыт   аурудың таралуын төмендету үшін енгізілген ішкі шектеу шараларын байланысты екенін айтады. Бұл фактор ең алдымен қызмет көрсету саласына қатысты өндіріс көрсеткіштерінің төмендеуінен көрінеді.

Шолуда аталған факторлардың әсерінен ЕДБ-ға мүше елдердің жалпы ішкі өнімі 2020 жылы 2,2%-ға төмендейтіні айтылған. «Ресейде, Қазақстанда, Беларуссияда және Арменияда өнім шығару сәйкесінше 2,3%, 1%, 3,3% және 1,7% төмендейді деп күтілуде, ал Қырғызстан мен Тәжікстанда  оның өсу қарқыны 0,1% және 5% дейін айтарлықтай баяулады.  2020 жылдың  бірінші тоқсанында ұлттық валюталардың әлсіреуі импортталатын тауарлардың құнына қысым жасайды, бұл  аймақтың көптеген елдерінде инфляцияның өсуінің негізгі факторы болады. Қаржы институты сондай-ақ ішкі сұраныстың,  бағаның төмендеуіне дезинфляциялық әсер ететіндігін атап өтті.

«Біз мұндай құбылыстарды  2021 жылы  да байқаймыз» деді банк. Сондай-ақ, ЕДБ экономикалық дамудағы белгісіздік  алдын ала болжам жасауға мүмкіндік бермей отырғанын ескертіп өтті.  Макроэкономикалық болжам COVID-19 пандемиясының даму сипатына байланысты болады.

«Әлемдік экономикада теріс негативтер тереңдеп барады. Бұл ЕДБ мүше елдерінің негізгі экспорттық тауарларына бағаның одан әрі құлдырауына әкелуі мүмкін.  Әлемдік катаклизмге айналып кеткен эпидемиямен ешбір ел жеке –дара күресе алмайды. Күш біріктіргенде ғана белгілі бір нәтижеге қол жетуі мүмкін.  Егер, эпидемияның тоқтауы байқалса,  ЕДБ-нің ЖІӨ өсуіне қатысты болжамдары қайта қаралуы мүмкін»,  деп қорытындылады қаржы институты.