Алатау ауданындағы математика-физика бағытындағы №178 лицей оқушылары роботты техника үйірмесінде радио жүйесі арқылы басқарылатын, адамдардың дене қызуын өлшейтін және залалсыздандыруда қолданатын робот ойлап шығаруды жоспарлап отыр. Қазіргі кезде мектептегі үйірме жұмыстарына қатысатын 5-10-сыныптың белсенді оқушылары бағдарламаларды қашықтан жүйелеу жұмыстарын жетілдіру үстінде.

Математика-физика бағытындағы №178 лицей директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Күлжан Шажабаева қазақстандық балғындардың роботты техника үйірмелеріне қатысуы шетелдік мультфильмдерден көрген түрлі робот кейіпкерлеріне деген қызғушылықтан бастала келе үлкен жобаларға ұласатындығын айтады. Робот құрастырумен айналысу балалардың ойлау қабілетін шыңдап қана қоймай, әртүрлі қиындықтағы роботтарды құрастыру кезінде жеткіншектер жастайынан қолға алған әр ісін төзімділікпен соңына дейін жеткізуге машықтанады. «Бұл сала біз үшін әлі де құпияға толы сыр сандық секілді десек, роботты техника АҚШ, Германия, Жапония, Корея секілді елдерде ондаған жыл бойы тынымсыз еңбектің арқасында даму жолына түскен. Оған дәлел ретінде немістің «Kuka» мен жапондардың «Kawasaki Robotics», «Fanuc», «Panasonic», ағылшындардың «Tritin Manufacturing», «Kaman Corporation» секілді өндірістік роботтарды шығаратын әлемдік көшбасшы компанияларын атай аламыз» деп атап өтті. Робототехника үйірмесіне қатысатын оқушылар ЛЕГО, Майнстромс НХТ 2,0 және ЕВ-3 модельдерімен жыл сайын аудандық, қалалық, халықаралық, республикалық жарыстар мен олимпиадаларда бақтарын сынап, жүлделі орындарға ие болып жүр. Роботты техника зертханасының міндеті оқушылардың жаңашыл техникалық білім алуға деген құштарлығын дамыту дейтін болсақ, осы орайда роботты техника үйірмесінің оқытушылары Дастан Рахатов, Бегалы Ахметовтың балаларды осы кәсіпке баулудағы еңбектерін ерекше атап өтуге болады» деп атап өтті К.Шажабаева.
Алматы қаласының Цифрландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында қалалық Цифрландыру департаментінің басшысы Б. Қоңырбаев пен Білім басқармасының қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының директоры А. Дупик №178 лицейдің заманауи үлгідегі роботты техника бөлмесінде пайдаланылатын «Arduino», «Lego Mindstormes EV3» және т.б. құрал-жабдықтардың сапасы мен үйірме қатысушыларының жұмыстарын жоғары бағалаған.
«Оқытушылардың жұмыс тәжірибесіне сүйенетін болсақ, бір роботты құрастыру мен бағдарлама жазып шығуға кететін уақыт мөлшері оның күрделілігі бойынша анықталады. Робот жасау – терең ойдың жемісі. Мұнда мақсатқа жету маңызды» деп атап өткен К.Сауытқызы мектеп үйірмесіне қатысқысы келетін балалардың көп екенін айтады. Жаңадан келушілерді тек жетекшілері ғана емес, сондай-ақ жоғары сынып оқушылары да баулиды. Бітіруші сынып оқушылары ізбасарларына алдымен робот құрастыруды, одан кейін бағдарламалауды үйретеді. Иә, қазіргі кезде нарықта сұранысқа ие болып тұрған роботты техника жайында сөз қозғағанда, ойымызға бірден роботтарды құрастыру жайы түседі. Алайда, бұл сала бір ғана робот құрастыру ісімен шектелмейді. Бұған қоса, роботтың құрылысы, жұмысы, қолданылуы бар. Сондай-ақ, бағдарламалау, дизайнерлік білім, физика және математиканы жетік меңгеруді талап етеді. Роботты техника саласында қолдануда бағдарлама жасаудың маңызы зор. Ал бағдарлама жасау барысында оқушыдан математика, информатика, физика, геометрия білімді қажет етеді. Математикадан бір формула үйреніп, оны әрі қарай тәжірибемен шыңдау қажет. Ал физикалық есептер арқылы роботты, оның қимылы жасалады. Робототехника өмірдің барлық саласында қолданысқа ие болуда. Әрі оқушының білімін шыңдайдағы ықпалы да зор. Роботқа жүктелетін міндеттің орындалуы үшін бағдарлама жазылады. Роботты құрастыру оңай болғанымен, бағдарламалауға келгенде қиындықтар туындайды. Робот құрастыруға 2-3 күн жұмсалса, бағдарлама жазу бір аптадан астам уақытты алуы мүмкін. Роботтың әр қозғалысы осы бағдарла арқылы басқарылады. Әр қадам жіті қадағаланады. Бағдарламаны меңгеруге 2-3 сағат кетеді. Ал жазылған жіктерді бір-бірімен жалғастыру қиынға түседі. Оқушылар мұнда робототехниканың алғашқы баспалдағынан өтеді. Қозғалтқыштардың, дыбыс пен сенсорлық қабылдағыштардың түрлерінен хабардар болады. Бағдарлама жазу негіздерін үйренеді. Жеңіл тапсырмаларды орындайтын роботтар жасаудан бастайды.
Үйірмедегі балалардың дені болашақтағы кәсібін осы робототехникаға қатысы бар мамандық түрлерімен ұштастырғысы келеді. Мектеп қабырғасынан техника тілін меңгеріп, заманауи құралдарды игеру, түлектерге болашаққа үлкен жол ашады, дейді К.Сауытқызы. Өйткені, айналадағы барлық тұрмысқа керек техника адам өмірін жеңілдетуге қызмет етеді. Мысалы, шаңсорғыш, кір жуғыш, тоңазытқыш пен үтіктің, т.б осы сияқты техникалық гаджеттер адамзатқа аса қажет. Олардың пайдалану арқылы уақыт үнемдейміз. Ұялы телефон, компьютер, принтер құрылғыларын қолдана отырып, жылдам хабарлама, жаңалық, жарнама, қажетті мәліметтерді аламыз. Бүгінгі күнде компьютермен жұмыс істеу тәжірибесі маңызды болып саналса, ертеңгі күні әрбір сауатты адам роботпен жұмыс жасай білетін деңгейге жететіні сөзсіз. Осындай уақыт талабынан туындап отырған көптеген игі іс-шаралар лицейде оқу-тәрбиесінің үрдісіне енгізілуде.
АЛМАТЫ
Алматыдан оңтүстікке қарай 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 03:00
Жамбыл облысында су басуы ықтимал 38 елді мекен анықталған
Аймақтар • Бүгін, 02:30
Биатлоншылар Антхольцке аттанды
Спорт • Бүгін, 02:01
Әли Әлиев «Шахтердің» бас бапкері болып тағайындалды
Спорт • Бүгін, 01:42
ҚХЛ: «Барыс» сырт айдында Финляндияның «Йокеритін» ұтты
Хоккей • Бүгін, 01:37
Жамбыл облысындағы Қызылқайнар ауылына ауызсу тартылды
Аймақтар • Бүгін, 01:33
Пандемия салдарынан Өзбекстанда қалып қойған шетелдік әйелдің оқиғасы
Әлем • Бүгін, 01:15
Қарағанды облысында 39 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанның бес ауданында карантин күшейтілді
Аймақтар • Кеше
Алматыдан 376 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
ШҚО тұрғындарының 20 пайызына коронавирус вакцинасы салынады
Аймақтар • Кеше
«Шахтер» командасына бас бапкер тағайындалды
Футбол • Кеше
Алматының «Қайратына» неміс шабуылшысы келді
Футбол • Кеше
Карантин кезінде мұғалімдерден пара алып жүрген директор қамалды
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Цифрлық даму вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
35 жастағы вице-министр қызметінен босатылды
Қазақстан • Кеше
Президент Ахметжан Есімовке бірқатар нақты тапсырма берді
Президент • Кеше
Қостанайдағы қоныс колониясынан қашқандар ұсталды
Аймақтар • Кеше
Қазығұрттық полицейлер жоғалған 4 жасар баланы тапты
Аймақтар • Кеше
Биыл оқушылар ҰБТ-ны қалай тапсырады?
Білім • Кеше
Бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы өседі
Үкімет • Кеше
Оңдасын Оразалин: Covid-19 қаупі әлі сейілген жоқ
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады
Президент • Кеше
Құс тұмауынан зардап шеккендерге өтемақы толық көлемде төленді – АШМ
Қазақстан • Кеше
Вакцинация коронавирустан түбегейлі құтқара ма?
Коронавирус • Кеше
Еліміздің жеті облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
«Тобыл» алты футболшымен қоштасты
Футбол • Кеше
Мемлекет басшысы Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Президент • Кеше
Ауғанстан азаматы Алматыда 11 жыл бойы заңсыз тұрған
Қоғам • Кеше
Депутаттар неге тәртіпке бағынбаған?
Аймақтар • Кеше
Жоғарғы жылдамдықты интернетке қол жетпей тұр
Білім • Кеше
Алматы қаласының тұрғынынан 47 келіден астам гашиш тәркіленді
Аймақтар • Кеше
«Барыс» - «Йокерит» ойыны тікелей эфирде көрсетіледі
Хоккей • Кеше
Қызылордадағы дария деңгейі тұрақты бақылауда
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 72 жұмысшы коронавирус жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Дмитрий Медведев Назарбаевты құттықтады
Елбасы • Кеше
Шығыс Қазақстанда оқушылар қалай оқып жатыр?
Білім • Кеше
Елімізде қандай пойыз билеттері қымбаттайды?
Қазақстан • Кеше
Аида Балаева Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты
Руханият • Кеше
Қостанай облысында 23 тонна жанармай тәркіленді
Аймақтар • Кеше
Киім өндірісінде импорттың үлесі артқан
Экономика • Кеше
Ұқсас жаңалықтар