Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, 16 сәуірден бері Теңіз кенішін 2868 жұмысшы тастап шығарылған. Олардың 1619-ы – Атырау облысының тұрғындары. Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысына – 283, Түркістан облысына – 241, Қызылорда облысына – 166, Жамбыл облысына – 103, Ақтөбе облысына 455 адам жеткізген.
–Теңіз кеніші аумағынан шығарылар алдында барлық жұмысшы COVID-19 инфекциясына міндетті тестті тапсырды. «Теңізшевройл» компаниясы жұмысшылардың тұрғылықты мекен-жайына жеткенге дейінгі барлық жол шығынын өз есебінен төлейді. Жұмысшыларды шығаруға автобус, әуе және темір жол көліктері қолданылуда, - деді өңірлік жедел штабтан.
Ал, ТШО компаниясы басшыларының айтуынша, Теңіз кенішінен тікелей өндіріске қатысы жоқ персоналдар шығарылуда. Компанияның өндірістік қызметі штаттық режимде жалғасып жатыр.