Коронавирус • 22 Сәуір, 2020

Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы аса ауыр

239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Коронавирус жұқтырған 6 адамның жағдайы аса ауыр

Қазақстанда бүгінгі таңда коронавирусты жұқтырғандардың 60%-ында ауру жеңіл және симптомсыз түрде өтіп жатыр, 13%-ында орташа ауырлық дәрежесі белгіленген.

21 науқастың жағдайы ауыр, 6 адамның жағдайы аса ауыр деп бағаланды. COVID-19 елімізде анықталған сәттен бастап қайтыс болған 19 адамның созылмалы аурулары болды. Инфекция ошақтарында 39 585 байланыста болған адам анықталды, олардың 98%-ы табылып, оқшауланды. Жалпы, Қазақстан бойынша вирусты жұқтыру өсімі апта ішінде 10% шамасында құбылып тұрды, өткен тәулікте өсім 8%-ды құрады.