Әлем • 23 Сәуір, 2020

Оңтүстік Корея тұрғындары ерлік жасаған қазақ жігітін марапаттауды ұсынды

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы өрт кезінде 10 адамды құтқарып, мемлекеттік марапатқа ұсынылды.

Оңтүстік Корея тұрғындары ерлік жасаған қазақ жігітін марапаттауды ұсынды

«Хабар24» телеарнасының хабарлауынша, түркістандық Әли отбасымен бірге 2017 жылы Ян Ян шипажайлы қалашығына жұмыс іздеп келген. Оқиға өткен айда болған. 23 наурыз күні түнгі сағат 11-де түтін иісін сезген. Сөйтсе, көрші пәтерлердің бірінде өрт шыққан.

Өрт болған бөлме ішінде әйел қалып қалған. Әли ол бөлменің есігін аша алмай, пәтерге газ құбырымен және телекабельмен өрмелеп шығып, ішіне кірген. Өкінішке қарай, өрт шыққан пәтерде болған әйел кейіннен ауруханада көз жұмған. Отандасымыз өзге көршілерін оятып үлгерген. Соның арқасында олар дер кезінде сыртқа шығып, аман қалған.

Әли жақында үйіне қайтады. Рейсі 1 мамырға жоспарланған. Алайда, көршілері оның кеткенін қаламайды. Сондықтан, Оңтүстік Корея Президентінің атына хат жазып, жерлесімізді марапатқа ұсыну туралы өтініш білдіріпті.

Көршілері елдің Әділет министрлігіне де оның ерлігі жайлы жазылған мақалалар ұсынған. Соның арқасында оның Кореяда жүріп-тұру уақыты ұзартылды.