Әлем • 23 Сәуір, 2020

Қазақстан Стати ісі бойынша Англия жоғарғы сотында жеңді

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Англияның Жоғарғы Сотында Ұлттық банк активтеріне қатысты процесте жеңіске жетті. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Стати ісі бойынша Англия жоғарғы сотында жеңді

«Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Ұлттық Банкі Bank of New York Mellon (бұдан әрі – BNYM) лондондық филиалында орналасқан жарты миллиард доллардан астам Ұлттық банктің ақшалай қаражатына тыйым салу үшін әрекеттер жасаған екі молдавандық бизнесмендерді – Анатол және Габриэл Статиді тағы да бір жеңіліске ұшыратты. Ведомствода еске салғандай, 2017 жылдың қазан айында Стати тарабы бельгиялық соттардан BNYM-ге жолданған атқару бұйрығын алды. Соның негізінде BNYM 22 млрд АҚШ долларын құрайтын Ұлттық банк шоттарына тыйым салды. Әділет министрлігі мен Ұлттық банк тыйым салынған қаражат сомасын 530 млн АҚШ долларына дейін төмендетті. 2018 жылдың 25 мамырында бельгиялық сот дауды шешу үшін Англияның сотына сілтеме жасады. Ағылшын соты бұл мәселені төрткүндік сот процесінде қарап, 2020 жылғы 22 сәуірде шешім шығарды.

Стати заңгерлері ағылшын сотына 530 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі ақша қаражаты Қазақстан Республикасы алдындағы BNYM берешегін құрап, бельгиялық тыйым салуды қолданудың аясына кіреді деп хабарлады.

Судья Тир олардың дәлелдерін қабылдамай тастап, мынадай шешім қабылдады: (i) Қазақстан Республикасы BNYM мен Ұлттық банк арасындағы жаһандық депозитарлық келісімнің тарабы болып табылмайды, (ii) жаһандық депозитарлық келісім бойынша BNYM міндеттемелері тек қана Ұлттық банкке тиесілі (Қазақстан Республикасына емес), (iii) жаһандық депозитарлық келісімге сәйкес BNYM-нің Қазақстан Республикасына ақшалай қаражатты төлеу бойынша міндеттемелері жоқ, (iv) Қазақстан Республикасының жаһандық депозитарлық келісімге сәйкес BNYM депозиттеріндегі ақша қаражатына қатысты BNYM-ге қандай да бір талап қою құқығы жоқ» делінген хабарламада.