2000 жылдан бастап Consumer International (Дүниежүзілік тұтынушылар ұйымы) мүшесі болып табылатын қазақстандық тұтынушылар лигасы өткен жылдың соңында темекі және құрамында никотин бар өнімдерді тұтынушылардың өтініштерін қарау үшін (2518-Beeline және 2040-Activ) жедел желіні іске қосқан еді. Биылғы жылдың қаңтар-наурыз аралығында лигаға 500-ге жуық тұтынушылар осы сала бойынша сұрақ/шағымдарымен жүгінген.
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша тұтынушыларды негізінен темекімен және құрамында никотин бар өнімдері бар келесі мәселелері толғандыратыны анықталды:
– сигарет пен құрамында никотин бар өнімдердің сапасы мен сертификациясы (12% өтініш);
– құрамында никотин бар өнімдердің қауіпсіздігі (өтініштердің 20%);
– темекі өнімдеріне бағаның өсуі (8% өтініш);
– дүкендерде карантинге байланысты темекі мен құрамында никотин бар өнімдердің болмауы (өтініштердің 60%-ы).
Сигарет пен құрамында никотин бар өнімдер сапасы мен сертификациясы жөнінде өтініш білдірген тұтынушылар, бірінші кезекте, Қазақстанда темекі мен құрамында никотин бар өнімдерінің мемлекеттік стандарттарының болуы мәселесі алаңдатады. Азаматтардың өтініштерін қарастыра отырып, Лига Қазақстанда өндірілетін және елге экспортталатын барлық темекілердің контрафактілі өнімдерден басқа мемлекеттік стандарттарға сәйкес келетінін анықтады. Ал электронды темекілерді қамтитын құрамында никотині бар өнімдер санатына қатысты, тек темекі компаниясынан хитс өнімі ғана «Алматы стандарт» АҚ-да сертификаттаудан өткендігі анықталды, ал қалған барлық құрамында никотин бар өнімдер ел аумағына импортталатын, сертификатталмаған өнімдер.
Сертификаттау проблемасымен қатар, құрамында никотині бар өнімдерінің қауіпсіздігі мәселелері тығыз байланысты болды. Тұтынушылар өткен жылы АҚШ-та электрондық сигареттермен орын алған жағдайларға байланысты, сондай-ақ БАҚ-та және жалпы алғанда әлеуметтік желілерінде түрлі пікірлердің болуына байланысты құрамында никотин бар өнімдері қауіпсіздігі жөнінде өтініш жасаған.
Лига соңғы жылдары түрлі зерттеу орталықтары жүргізген ғылыми зерттеулерге сәйкес, электронды темекі қарапайым темекіге қарағанда зиянды емес, себебі оларда темекідей жану процесі жоқ екендігін анықтады. Алайда, бұл салыстырмалы түрде жаңа өнім болғандықтан, ауызекі пікір жоқ. Дегенмен, мысалы, FDA (АҚШ-тың өнімдері мен дәрі-дәрмектерін бақылау басқармасы) тинейджерлер арасында вейптердің танымалдығының өсуін тоқтату қажет деп санайды, бірақ электрондық темекі пайдаланатын ересек темекі шегушілердің мүдделеріне нұқсан келтірмеу керек. Және, Америкада барлық электрондық темекілер, темекі қыздыру жүйелері, вейптардың FDA-дан сатуға рұқсаты болуы тиіс.
Қазақстан тұтынушылар лигасы тұтынушыларға егер жаман әдеттен бас тарту мүмкін болмаса, тек қана құрамында никотин бар сертификатталған өнімдерін пайдалануды ұсынады.
Темекі мен темекі өнімдеріне бағаның өсуіне қатысты үндеулерге келетін болсақ, олар теңге бағамының төмендеуімен және тауарларға бағаның өсуімен байланысты орын алды. Тұтынушылар Алматының кейбір дүкендерінде темекі өнімдеріне бағаның өскенін атап өтті,олардың қаншалықты заңды екенін және бұл тренд алдағы уақытта қанша уақыт сақталатынын сұралды. Азаматтардың өтініштерін қарастыра отырып, Лига Қазақстанда өндірілетін темекі өнімдерінің бағасы ағымдағы жылдың ішінде ең көп дегенде 5-10%-ға өсуі мүмкін екенін анықтады, алайда импортталатын темекі өнімдерінің құны доллар бағамына тікелей байланысты болмақ.
Азаматтардың өтініштерінің басым бөлігі (шамамен 60%) карантин кезеңіне келді. Тұтынушылар төтенше жағдай режиміне байланысты үйдегі дүкендерде темекі мен құрамында никотин бар өнімдердің жоқтығына шағымданды. Магнум және Small сияқты ірі азық-түлік желілерінде темекі мен құрамында никотин бар өнімдеріне қатысты мәселе байқалмады. Өнімнің болуына байланысты проблемалар тек дүкендерде ғана орын алды. Тұтынушылардан карантин кезінде бұл мәселе шешілуі мүмкін бе, деген сауалдар қойылды. Сонымен қатар, тұтынушылар лигасы темекілер мен құрамында никотин бар өнімдер мемлекеттік органдардың бірінші қажеттіліктегі азық-түлік тізіміне қосылмағанын анықтап, дәл осы фактор олардың үй маңындағы дүкендерге жеткізілуімен байланысты проблемалар туындағанын атап өткен.
Бірінші тоқсандағы тұтынушылар өтініштерінің қорытындысына түсініктеме бере отырып, Қазақстанның тұтынушылар лигасының төрағасы Светлана Романовская, егер темекі және құрамында никотин бар өнімдер қауіпсіздігі мен сертификациясы бойынша шағымдар ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларында көп болса, онда наурыз айында өтініштердің көпшілігі дүкендерде темекінің болмауына байланысты болды дейді.
Светлана Романовская электрондық темекі қауіпсіздігі және сертификаттау мәселелері туралы айта келе, заң шығарушылар осы өнімді реттеуге ерекше назар аударуы тиіс екенін атап өтті:
«Тұтынушылар темекіні тастау мақсатында электронды темекіге көшкендерін бізге өз үндеулерінде атап өтті. БАҚ-та және әлеуметтік желілерде қарама-қайшы ақпараттың көп болуына байланысты оларды қауіпсіздік, осы өнімдерді сертификаттау мәселелері толғандырады. Қазір қайта қарау сатысындағы денсаулық туралы Кодексте электрондық темекіні әдеттегі темекіге теңестіру ұсынылады. Біз заң шығарушыларға өз ұстанымдарын қайта қарап, электрондық темекіні жеке санатқа бөлуді ұсынамыз».
Тұтынушылар лигасы темекі өнімдері мен құрамында никотин бар өнімдерге байланысты тұтынушылар өтініштерінің нәтижелерін одан әрі мониторингілеуді және жариялауды жоспарлап отыр. Лига барлық тұтынушыларды шағымдарымен және сұрақтарымен (2518-Beeline және 2040-Activ) ыстық желісіне жүгінуге шақырады.