Білім • 23 Сәуір, 2020

Рухани тәрбие – білім берудің кепілі

947 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жоғары білім – әлеуметтік және экономикалық жағынан дамудың ең негізгі формасы. Себебі  қоғамның негізгі қозғаушы күші білікті де, білімді маман.

Рухани тәрбие – білім берудің кепілі

Қазіргі кезде «Коронавирус» індетіне байланысты елімізде «Төтенше жағдай» енгізіліп, «Үйде бол!» акциясы қызу жүріп жатыр.  Ал білім беру салалары жаппай «Қашықтықтан білім алу» жүйесіне көшуде. Осы орайда, үлкен мегаполисте орналасқан Алматы Университеті ұжымы қазіргі қиындықтарды жеңудің жолдарын іздестіріп, оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігін арттыруда барлық мүмкіндіктерді пайдалануда.

Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар – рухани жаңғыру» атты мақаласында: «... Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен иық тірестіру мүмкін емес» деп атап көрсеткен еді.

Осы орайда, біз рухани жаңғырудың жаңа бағыттағы өсу белесі, үйден шықпай, заманауи инновациялық технологияларды меңгеріп, өзіндік шығармашылыққа бейімделуі – қазақ болашағының жемісі деп атап өтер едік.

Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының 8 бабында «Білім жүйесінің басым міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудегі ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген. Соған орай, қашықтықтан оқыту технологиясын енгізу барысында, алыс аймақтағы елді-мекендерден студенттер ақпарат алмаса алады, өзара ынтымақтастық артып, ізгілікті мәдени қарым-қатынас қалыптасады.

Оқу-тәрбие үдерісіндегі онлайн жүйесі кәсіби бағдарланған студенттердің ғылыми ізденушілік қабілеттерін арттырып, жауапкершілік пен жинақтылыққа баулуда. Ағымдағы жоспар бойынша студенттердің шығармашылық байқауларға қатысу мақсатында, ғылыми жетекшілерімен тығыз  қарым-қатынас орнатудағы дайындықтары қарқынды жүруде. Бұл «Үйде бол!», «Біз біргеміз!» акциясы студент-жастардың жинақы, үнемді, сабырлы, сергек болудағы мінез-құлықтық қалыптастыратыны сөзсіз.

Осынау қиын сәттердегі студент-жастардың «Біз жеңеміз!», «Үйде болыңыз!» тағы басқа тақырыптағы бейнероликтерінің мазмұнының тәрбиелік маңызы зор. Бірі сабаққа дайындалып, бірі ата-анасына қолғабыс тигізіп, тіпті интернет желісінің ұстамай жоталардан көрініс беруі – болып жатқан рухани сілкіністер дер едік.

Жастарда тың идеялар көп. Тек, оң бағыт беріп, дұрыс жол көрсетсек болғаны. Ұлтжанды азамат болудағы қасиеттерге баулу – үлкендердің міндеті. Мұндайда, Абайдың  «... егер ісіңнен нәтиже көргің келсе, әр уақытта өзіңнен-өзің есеп алып отыр» деген аталы сөзі ойға оралады. Олай болса, үнемі өзіңе сын көзбен қарау, іздену, жаңалыққа ұмтылу, өмір талабына сай болу, адами қасиетіңді биік ұстау – рухани кемелге жету деген сөз. Себебі, сапалы білімсіз, рухани қалыптаспаған адам -  өмірге бағалы ештеңе алып келе алмайды. Рухани тәрбие – ел болудың негізі.

 

Сағат ӘЛДЕКЕНОВ,

Алматы университеті Тәрбие ісі жөніндегі проректоры,

Заң ғылымдарының Ph.D докторы.

 

Қалия АХАТАЕВА,

Алматы университеті Рухани жаңғыру жоба кеңесінің жетекшісі,

п.э.к., доцент.