Спорт • 23 Сәуір, 2020

Адебайор ақшасын аяды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Того құрамасында өнер көрсететін танымал футболшы Эммануэль Адебайор коронавирустан зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсетуден бас тартты.

 

Адебайор ақшасын аяды

Того – Африканың батысында орналасқан шағын мемлекет. Бұл елде 7 миллионнан сәл ғана аса халық тұрады. Ломе – Тогоның астанасы. Айтулы шаһардың 900 мыңға жетер-жетпес тұрғына бар. Қазіргі кезде коронавирус Тогоға да жеткен екен. Фейсбуктағы өз аккаунтында Адебайор: «Коронавирусқа қарсы күреске ақша бөлуге құлқым жоқ. Сол үшін де көпшілік мені айыптап та жатыр. Бірақ ешкімнің пікірі мені қызықтырмайды. Олар білгендерін істесін. Ал мен өз қалауым бойынша өмір сүргім келеді. Сондықтан да қайырымдылық көрсетуден бас тартамын» деп мәлімдеді.

36 жастағы Эммануэль Адебайор кезінде «Монако», «Арсенал», «Манчестер Сити», «Реал», «Тоттенхэм» және басқа әйгілі командаларда өнер көрсеткен. Бұл күндері Парагвайдың «Олимпиясында» ойнайды. Того құрамасы сапында 82 кездесу өткізіп, 32 гол соқты.