Қоғам • 24 Сәуір, 2020

Ертеңгі күнге деген сенімімізді нығайтады

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұған ешкімді кінәлауға болмайтын шығар, үйде 3 баланы жалғыз бағып отырмын. Тағдырдың жазуы солай болды, дәм-тұзымыз жараспай отағасымен ажырастық. Тұңғышым 4 жаста, кенжем 9 айлық. Көптің қол-аяғын байлап отырған індет те бізге ауыр тиюде. Осындайда әрбір көмек бағалы, әрбір жылы сөз көңілге демеу.

Ертеңгі күнге деген сенімімізді нығайтады

Жасыратыны жоқ, балаларыма бе­рілетін жәрдемақыны бұл күндері барлық қажеттілікке жеткізу қиын. Ал енді қайы­рымды жандардың қолдауы бізге қажет-ақ. Осындай қиын сәтте мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекті дер кезінде берілген және ертеңге деген сенімді нығайтқан қолдау деп есептеймін. Әкімдік өкілдері әкеліп табыс еткен кепілдендірілген әлеуметтік топтама бүгінгі қиындықты ұмыттырғандай болды. Бұл үшін осындай қолдаулар жөнінде тапсырма берген Президентке, оны бұлжытпай орындаған жергілікті басшыларға айтар алғысымыз шексіз. Осындай көмектердің арқасында қиындықтан да шығармыз, үйден шығар­маған үрейлі індетті жеңерміз.

Балаларымның амандығы қымбат және оларға қиын сәтте қолұшын берген мемле­кеттің көмегіне, қайырымды жандарға алғыс айтамын.

 

Севара АБДРАСИЛОВА,

Түркістан қаласының тұрғыны