Біздің елдеріміз арасындағы достық белгісі ретінде Елшілік «Клуб Добряков» қайырымдылық ұйымына қолдау көрсетті, ал дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері өз күштерімен азық-түлік пакеттерін жинады.
Израильдің Қазақстандағы Елшісі Лиат Вексельман Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың #Бізбіргеміз бастамасына қолдау көрсетіп, мұндай қиын кезеңде қоғамның осал топтары айналадағылар тарапынан көмекке мұқтаж екенін атап өтті.