Қазақстан • 24 Сәуір, 2020

Бүгін Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

756 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгін Қазақстанның кей жерлерінде жаңбыр жауып, күн күркірейді

«Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай республиканың кей жерлерінде жаңбыр жауады, күн күркірейді, солтүстік-батысы мен батысында – жауын-шашынды (жаңбыр, қар), дауыл, тұман түседі, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады», - делінген хабарламада.

Нұр-Сұлтанда бұлтты, жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан 9-14 м/с жел солтүстік-шығысқа ауысады. Ауа температурасы күндіз +7+9, түнде +4+9.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +27+29, түнде +14+16.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +30+32, түнде +15+17.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Күндіз +28+33, түнде +13+18.

Түркістан облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, дауыл тұрады. Күндіз +30+35, түнде +15+20.

Қостанай облысында жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, тұман, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-23 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде 0+5.

Алматы облысында жауын-шашынсыз, Жалаңашкөл ауданында 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +27+32, түнде +13+18.

Ақмола облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде +3+8.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде +3+8.

Павлодар облысында жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Күндіз +22+27, түнде +8+13.

Қарағанды облысында аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +20+25 (оңтүстігінде +28), түнде +9+14 (оңтүстігінде +5).

Ақтөбе облысында жаңбыр жауады, юұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +8+13, түнде 0+5.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +7+12, түнде 0+5.

Атырау облысында жауын-шашынсыз, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +13+18, түнде 0+5.

Маңғыстау облысында түнде жаңбыр жауады, күн күркірейді, 15-20 м/с жел тұрады. Күндіз +10+15, түнде +5+10.

Қызылорда облысында жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде дауыл тұрады, шаңды дауыл соғады, күндіз бұршақ жауады, кей жерлерде 15-23 м/с жел тұрады. Күндіз +15+20, түнде +13+18.

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, 15-25 м/с жел тұрады. Күндіз +23+28, түнде +7+12.

«Алдағы тәулікте республиканың жазықтық аумағында (Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары) су деңгейінің құбылуы байқалады. Петропавл аумағындағы Есіл өзенінде су деңгейінің ары қарай көтерілуі, су тасулар мен су басулар күтіледі. Республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің құбылуы күтіледі», - деп ескертті синоптиктер.