Қазақстан • 25 Сәуір, 2020

Алматыда жер сілкінді

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы уақытымен 03 сағат 56 минут 34 секундта жерасты дүмпуі тіркелді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі хабарлады.

Алматыда жер сілкінді

Белгілі болғандай, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 130 шақырым қашықта Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.5, магнитудасы – 4.5. Жерасты дүмпуі 15 километр тереңдікте болған.

Алматы қаласында 2 баллдық жер сілкінісі тіркелген.