Жұртшылыққа жағымды ақпаратты таратқан төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штабтың мәліметінше, инфекциялық стационардан шыққан 5 адамның бәрі коронавирус індетінен айыққан.
«Бүгін тағы 5 адам инфекциялық стационардан шықты. Қауіпті індеттен айыққандар – 30 және 56 жастағы ер адамдар, 46, 56 және 72 жастағы әйелдер. Осылайша, Атырау облысында коронавирус індетінен жазылып шыққандар саны 47 адамға жетті» деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.