Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Жыл соңына дейін 85 санитарлық-гигиеналық торап салынады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылы «QazAvtoJol» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар жолдарда 62 санитарлық-гигиеналық торап (СГТ) орнатуды жоспарлап отыр деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі.

Жыл соңына дейін 85 санитарлық-гигиеналық торап салынады

Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен СГТ бар 23 жанармай құю станциясы салынады.  

Жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің ерекше бақылауында. Жалпы алғанда, бүгінгі таңда республикалық және халықаралық маңызы бар жолдар бойында қызмет көрсететін 1815 нысан бар. Олардың 894-і немесе 49% Ұлттық стандарттың талаптарына сай келеді. 

Осы ретте әкімдіктердің жұмыстарды белсенді жүргізуі нәтижесінде Атырау, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары үздік нәтиже көрсетті. Ал Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында жол бойында қызмет көрсету саласының даму деңгейі әлі де төмен. Биыл әкімдіктермен бірлесіп, аталмыш нысандардың 58% талапқа сәйкестендіру үшін жұмысы жүргізіледі.