Білім • 28 Сәуір, 2020

Білім бағдарламалары жұмыс берушілерді 32 пайызға ғана қанағаттандырады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев айтты. Бұған дейін жазғанымыздай, палата 3 жылдан бері Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.

Білім бағдарламалары жұмыс берушілерді 32 пайызға ғана қанағаттандырады

«Рейтинг 2019 жылы 17 критерий бойынша жүргізілді, олардың ішінде: еңбекпен қамтылған түлектердің пайызы және олардың орташа айлық еңбекақысы, оқу аяқтаған соң жұмыс іздеу ұзақтығы, сондай-ақ, бағдарламалардың өзектілігін бағалау бар.

Қазіргі таңда жоғары сынып оқушыларының басым көпшілігі мамандық таңдауда қиналады, себебі еңбек нарығына қажетті мамандық туралы ақпаратты нақты білмейді. Өкінішке қарай жастардың көбінде жоғары білім бар, бірақ мүлдем басқа салада жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл мамандық таңдаудағы қателіктің көрінісі.

Алайда жұмыс берушілерді білім бағдарламаларының өзектілігі, жалпы алғанда, 32 пайызға ғана қанағаттандырады (666 білім беру бағдарламасы)», деді О.Ордабаев.