18 Қыркүйек, 2013

Адам органдарын ауыстырып салу

484 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

шұғыл жағдайларда оның жақындарына ескертусіз жасалуы мүмкін

Ендігі жерде елімізде адам органдарын шұғыл трансплантациялау науқас туыстарының қайда екені белгісіз болған жағдайда оларға ескертілмей-ақ жүргізілетін болуы әбден мүмкін. Қазір «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске осындай өзгеріс енгізу ұсынылып жатыр.

шұғыл жағдайларда оның жақындарына ескертусіз жасалуы мүмкін

Ендігі жерде елімізде адам органдарын шұғыл трансплантациялау науқас туыстарының қайда екені белгісіз болған жағдайда оларға ескертілмей-ақ жүргізілетін болуы әбден мүмкін. Қазір «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекске осындай өзгеріс енгізу ұсынылып жатыр.

«Науқас туыстарының немесе заңды өкіл­дерінің тұрғылықты жерлері белгісіз болған жағдайда шұғыл трансплантациялау олардың келісімінсіз дәрігерлер консилиумының шешімі бойынша жүргізіледі. Бұл туралы медициналық құжаттамада міндетті түрде жазылып, соңынан денсаулық сақтау органдары лауазымды тұл­ға­ларына жеткізіледі», делінген кодекске өзге­рістер жобасы тұсаукесері барысында Мәжі­лісте таратылған хабарламада.

Құжаттың тұсаукесерін жүргізген Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы Серікбол Мусиновтың сөзіне қарағанда, жобада бұдан басқа адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті аурулары анықталған тұлғалардың, сондай-ақ екіқабат әйелдердің тірі донор бола алмайтынын анықтау жоспарланған.

Мәлім болғандай, Қазақстанда қазір екі мыңға жуық адам донорлық органдарға мұқтаж. Атап айтқанда, бүйректің трансплантациясына 1609 сырқат зәру болса, 80 науқас жүректі және 268 ауру бауырды ауыстыруға қатты зәру болып отыр. Ведомство өкілі сонымен бірге, осы тұста республикада отандық трансплантологияның дамуы барған сайын қарышты қарқын алып келе жатқанына да ерекше назар аударды. Егер елімізде 2009 жылы органдар мен сүйек майына бар-жоғы 4 ота жасалған болса, олардың саны 2012 жылы 74-ке жетті, ал биылғы жылдың бірінші жартысында 93-ке толды.

Осы ретте Денсаулық сақтау министрлігі елімізде біртұтас донорлар регистрін құру­ды жоспарлап отыр. Министрлік жанын­дағы медициналық көмекті ұйымдастыру депар­таментіндегілер бұл регистрде сондай-ақ донорлыққа келісім беру және бермеу тіркелімі де болуы қарастырылатынын айтуда. Дәрігерлер пациенттің тілегін оның өлімі туралы дерек ресми тіркелімге алынғаннан кейін ғана біле алады. Бұл жүйе министрліктің басқа да ақпараттық қызметімен байланысты қорғалған арналары бойынша бірлесе жұмыс атқаратын болады.

Руслан ИГІЛІК.

Соңғы жаңалықтар