Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Алматы: Нысандары карантиннен шыққан кәсіпкерлер аудиттен өту үшін қайда хабарласуы керек?

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 27 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Алматы қаласынданысандарды ашудың екінші кезеңінде азық-түліктік емес тауарларын оnline-жеткізуді (интернет-дүкендер, online-дүкендер) жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне, сондай-ақ – ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникасын жөндеу қызметіне рұқсат етілді.

Алматы: Нысандары карантиннен шыққан кәсіпкерлер аудиттен өту үшін қайда хабарласуы керек?

Ағымдағы жылдың 28 сәуірінен бастап, аталған компаниялардың қызметіне аудиттен өткен жағдайда және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «қызметке қойылған шектеулерді алып тастауға дайындық актісін» алған жағдайда рұқсат етілді.

Осыған байланысты, жұмыс тобының орынға баруы және көруі үшін                               1-қосымшаға сәйкес, келесі электрондық мекенжайына өтініш жолдауыңыз қажет.

1. Азық-түліктік емес тауарларды Online-жеткізу(интернет-дүкендер, online-дүкендер) бойынша – Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасына хабарласу керек, onlinetrade20@mail.ru,  анықтама үшін телефондар: 8 775 882 52 00, 8 775 882 53 92;

 

2.ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникасын жөндеу қызметі жөнінде – нысанның орналасқан жері бойынша аудан әкімдіктеріне хабарласу керек:

- dopusk_alatau@mail.ru – Алатау ауданы

- sto_dopusk@mail.ru – Алмалы ауданы

- auezov.orpp@mail.ru – Әуезов ауданы

- bostan_propusk@mail.ru – Бостандық ауданы

- trade088@mail.ru – Жетісу ауданы

- medeu_orpp@mail.ru – Медеу ауданы

- nau_prom@mail.ru – Наурызбай ауданы

- turksib2020@mail.ru – Түрксіб ауданы