Өткен 2009 жылы “Жол картасы” бағдарламасы аясында елімізде көптеген ауыз толтырып айтарлық жұмыстар атқарылды. Соның аясында ауданымызда да көп жылдан бері жөндеу көрмеген мектептер мен ауруханаларға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сонымен қатар, 3 жаңа мектеп ашылды, 3 балабақша іске қосылып, қазіргі таңда оның нәтижесін көріп те отырмыз.
“Жол картасы” бағдарламасының жастарға берген көмегі көп болды. Ауданымызда жұмыссыз жүрген жастар жұмыспен қамтылып, көптеген жас өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасты.
Биылғы Жолдауда “Жол картасының” жалғасатындығы, бұл мақсатқа қыруар қаржы бөлінетіндігі атап көрсетілді. Енді соның нәтижесінде биыл да қаншама жұмыссыз жүрген жастар еңбекке араласып, өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасатындығы көңілімізге үлкен сенім ұялатады. Сонымен қатар, әлеуметтік салаларға бөлінетін қаржы көлемінің ұлғаятыны көңіл қуантып отыр.
Біздерді биылғы Жолдаудағы жаңа міндеттер жігерлендіре түседі.
С.МАМАНОВ, “Созақ жастары” қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Оңтүстік Қазақстан облысы.