Саясат • 29 Сәуір, 2020

Қазақстан әлеуметтік мемлекет екенін көрсетті

331 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Індет қаупі төніп тұрған қазіргі қысылтаяң шақта елдігіміз бен бірлігіміз сыналып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен осынау сын сағатта халықтың қауіпсіздігін ғана емес, елдің тұтастығы мен тұрақтылығын сақтауға бағытталған кешенді іс-шаралар қолға алынды.

Қазақстан әлеуметтік мемлекет екенін көрсетті

Төтенше жағдай кезінде мемлекет түрлі бағытта тегеу­­рінді жұмыстар атқа­рып, халыққа барынша қам­қор­­лық көрсетіп жатыр. Аза­мат­тардың амандығын көз­дейтін іс-шаралар шең­берінде әлеу­меттік қолдауға қо­са эконо­ми­калық тұрақ­ты­лықты қамта­масыз ету мәселесі де на­зардан тыс қал­ған жоқ. Табысынан айы­рыл­ған қарапайым халық­тан бас­тап жұмысы тұралап тұр­ған кәсіпкерлерге дейін мем­ле­кеттің зор қолдауын сезінді. Еліміздің өңір-өңір­інде ха­лыққа қаржылай да, заттай да көмек берілуде. Қан­шама адамға азық-түлік үлестірілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар тоқтамайды. Өйткені індеттің таралу қаупі әлі де сейіле қой­ған жоқ. Сондықтан Пре­­зи­­дент төтенше жағдай режі­мін 11 мамырға дейін ұзар­та­тынын айтты. Ең бастысы, табысынан айырылған аза­мат­тарға қолдау жалғасып, келесі айда да 42 500 теңге­ден беріледі. Айналып келген­де, мұның бәрі біздің Конс­ти­­туцияда Қазақстанды әлеу­­меттік мем­лекет деп көр­сет­­кен тұжы­рымға сәйкес келе­ді. Яғни халықтың әл-ауқа­ты, тұрмыс-тіршілігі қа­шанда басты назарда болады.

Карантин кезінде тірші­лігімізді қамтамасыз етіп отыр­ған маңызды сала­лар­дың жұмысы іркіліп қал­мауын қадағалау маңыз­ды. Осы ретте азық-түлік тап­шы­лығына тап болмауымыз үшін қазірден көктемгі егіс науқанына ерте қам­да­нуы­мыз керек. Төтенше жағдайға тура келіп қал­ған­дықтан, бұл жұмыстарды ұйым­дастыруға барлық қауіпсіз­дікті сақтай отырып, әдеттегі­ден ерекше мән беріп кіріс­кен дұ­рыс. Сондықтан диқан­дар да қазіргі қиын ке­зең­де алдыңғы шепте жұмыс істеп жүр.

Егіс науқанына көңіл бөл­генде, саяжайлардың тірлігін де естен шығармаған жөн. Өйткені өздерінің өлшеулі жеріне көкөнісін егіп, содан нәпақасын тауып отырған азаматтар да бар. Солардың бірқатары маған хабарласып, жағдайын айтты. Мен бұл жөнінде Атырау қаласының әкімімен сөйлесіп, мәселені тездетіп шешуді сұрадым. Мерзімі өтіп кетпей тұр­ғанда мұндай шаруақор адам­дардың жұмысының кідіріп қалмауын да қадағалау керек.

 

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ,

Сенат депутаты