- Облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне қатаң ескертемін. Ұжымда кез келген жемқорлық сипатындағы әрекеттерге жол берген бірінші басшының мәселесін өзім жеке қарайтын боламын, – деді облыс әкімі.
Жиында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Ардақ Ерсейітов мемлекеттік органдар басшылары өздеріне тікелей бағыныстағы тұлғалардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жауаптылықта екенін мәлімдеді. Осы заңның қабылдануымен елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды.
Мәжілісте мамыр айындағы мерекелік шараларды ұйымдастыру туралы облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет хабарлама жасады.
Биылғы Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жасампаз жасақ» жобасы онлайн форматтағы акциямен басталды. Бүгінде облыста 16 ҰОС ардагері, 49 майдангерлер жесірі және 4269 тыл ардагері бар. Жалпы өңірдегі 4 335 ҰОС ардагері мен оларға теңестірілген азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетуге облыстық және аудандық бюджеттен барлығы 454,8 млн.теңге бөлінген. ҰОС ардагерлеріне 1 млн. 111 мың теңге әлеуметтік төлем жасалатын болады.
Қазақстан халқының бірлігі және Отан қорғаушылар күні, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы мерекелеріне арналған шаралар Youtube платформасында іске қосылған «Сыр бірлігі» каналында онлайн көрсетіледі және әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда #Syrbirligi, #1mamyr #Bizbirgemiz хэштегтерімен ақпараттандырылады.
Сонымен қатар, мәжілісте өңір басшысы Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жаңа бастығын таныстырды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы қызметіне Шәймерден Есенкелдиев тағайындалды.