Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Алматыдағы Ботаникалық бақ заманауи сипатқа енеді

368 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бақты жандындырудың  аяқталуы маусым айының ортасына жоспарланып отыр.  Қазіргі таңда мұнда оңтүстік партердегі жүргінші жолдарды және жанама аумағымен өтетін оңтүстік кіреберіске дейінгі автокөлік жолын салу, өсімдіктерді отырғызу әрі бақша жиһазын орналастыру жұмыстары жалғасуда.

Алматыдағы Ботаникалық бақ заманауи сипатқа енеді

Бақты қалпына келтіру және жаңарту, оның флорасын көбейту жобасына 2018 жылы Ботаника және фитоинтродукция институтының сұрауы бойынша Болат Өтемұратов Қоры бастама жасаған болатын. Жобаның жалпы 15 млн АҚШ долларын құрады.    

«Бұл қайырымдылық жоба, оның басталу сәтінен, біз үш негізгі принципті басшылыққа алдық. Біріншісі – бақтың өсімдіктеріне күтіп қарау, Ботаника және фитоинтродукция институтының қызмкетлерімен бірлесіп оның жасыл қорын сақтап қалу және көбейту. Екіншісі – шын мәнінде жайлы әрі қауіпсіз қоғамдық кеңістік құру үшін, дизайнында, сәулетінде және инфрақұрылымды жоспарлауда үздік тәжірибе мен сараптауды қолдану, экологиялық, жоғары сапалы құрылыс материалдарын пайдалану. Үшіншісі – жобаның ашықтығы және есептілігі, оның ішінде, қоғамдық қарастурыды өткізу мен әлеуметтік желілер арқылы қаланың белсенді тұрғындарымен әрі экологиялық ұйымдармен қайта құру жұмыстары бойынша диалог құру.

1

Ботаникалық бақтың ерекше мәртебесі мен қайта құру жобасына жұртшылық назарының жоғары деңгейін назарға ала отырып, біз әуел бастан оның толық ашықтығы мен көлегейсіздігін қамтамасыз еттік. Қайта құру концепциясы мен кеңістікті дамыту жоспары әлі 2018 жылдың жазында қоғамдық тыңдауларда жұртшылыққа ұсынылған болатын. Тыңдауларға қатысушылардың ұсыныстамалары мен тілектерін ескере отырып, сол жылдың күзінде қайта құрудың эскиздік жобасы ұсынылды. Үш рет БАҚ, қоғамдық және экологиялық белсенділердің, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен баспасөз турлары өткізілді. Өткен жылы, құрылыс жұмыстары басталардың алдында, жобаның жекелеген құрауыш бөліктерінің қоршаған ортаға әсерін бағалау бойынша бірнеше сатыда қоғамдық тыңдау өткізілді. Сонымен қатар, қайта құрудың барысы туралы Болат Өтемұратов Қоры БАҚ арқылы, сондай-ақ Facebook және Instagram әлеуметтік желілерінде арнайы құрылған беттерде («Бас ботаникалық бақты қайта құру» беттері) үнемі хабарлап отырады, онда кез келген пайдаланушының өзінің комментарийін қалдыруға, не болмаса сұрақ қоюға мүмкіндігі бар», - деп атап өтті Болат Өтемұратов Қорының директоры Марат Айтмағамбетов.  

Қайта құру аясында бақта 174,3 мың жаңа өсімдік отырғызылды, оның ішінде сирек түрлер мен сұрыптар – 1300 астам жаңа талдар (балқарағай, боз арша, шие, алма, алмұрт, қараөрік, емен, үйеңкі, қайын, жөкенің түрлері), 40 мың бұта, 130 мың астық тұқымдастар мен көпжылдық гүлдер, 3 мың раушан гүл. Жаңартылған бақтың шынайы әшекейлері болған сакуралар, «Шантеклер» алмұрты, қызыл жапырақты «Роял Ред» үйеңкісі (Еуропаның шектерінен тыс тұңғыш рет отырғызылған), магнолияның бірнеше сорты, Бонсай ағаштары секілді эксклюзивтер отырғызылған.

Ботаникалық бақты заманауи, жайлы және экологиялық қоғамдық кеңістікке айналдыру үшін, оның ашық аймақтары түбегейлі қайта қаралды. Мұнда бұрынғы бір кіреберістің орнына үш жаңа кіреберіс павильон тұрғызылды. Келушілер баққа Тимирязев көшесінен, «Атакент» көрме орталығынан, сондай-ақ Әл-Фараби даңғылынан кіре алады. Барлық павильондар табиғи материалдардан жасалған, оларды электрондық билеттендіру жүйелері және туристік қоғамдық орындарға тән инфрақұрылым – кәдесый дүкендері, шағын кафетерийлер  орналасқан.

АЛМАТЫ