03 Сәуір, 2010

ӨЗ ҮЛЕСІМІЗДІ ҚОСАМЫЗ

597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Біздер – ұстаздар қауымы Елбасының жыл сайын­ғы Жол­дауларының орындалуы­ның нақты куәгерлеріміз. Биыл Нұрсұлтан Әбішұлы бюджеттік сала қыз­меткерлерінің жалақысы 25 пайыз­ға көтерілетінін мәлім­деді. 1-ші сәуір­де ол тапсырмасы жүзеге асы­рылып, көпшілік қуанышқа бөлен­ді. Бұл – былтырғы жылы бастал­ған істің жалғасы. Сондай-ақ, елі­міздің жоғары оқу орын­да­рының сапасын әлемдік стан­дарттарға жеткізу жөнінде де қа­дап айтты. Жыл сайын білім саласы өркен­деп, өрісін кеңейтіп келеді. Бүгінгі күнгі жастарға жасал­ған қамқорлық, әрине, ертеңгі күнмен сабақтас болмақ. Сту­денттерге арнап заманауи жатақ­ханалар, жаңа үлгідегі корпустар, электронды кітапханалар са­лын­ды. Мұның барлығы жастардың білімін жетілдіру үшін жасаған игі қадам екені сөзсіз. Әрбір об­лыс орталығында Тұңғыш Пре­зидент атындағы интеллектуалдық мек­тептер салынуда. Бүгінде Қы­зылорда қаласындағы осындай мектептің құрылысына қарап тәнті болудамыз. Оның бола­шақ­та нағыз XXІ ғасырдың ин­тел­лектуалды ұрпақтарын тәр­биелейтін үздік оқу ордасы болатынына сенімдіміз. Елбасы Жолдауын теледидар арқылы тамашалап, Президент­тің жүргізіп отырған сындарлы саясатына тәнті болдық. Елі­міздің ішкі және сыртқы саясаты туралы сүбелі ойлары біздің бо­лашаққа деген сенімімізді қа­тайт­ты. Оған қоса барыс жылы еліміздің ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі әрбір қазақ­стандық үшін үлкен мақтаныш. Кедендік одақ та Қазақстанның тауар айна­лымын жетілдіріп, бәсекеге қабілетті болуға үйрететін сәтті қадамдардың бірі. Ұстаз ретінде еліміздің білім беру саласын дамытуға, жастары­мыз­дың ертеңге деген көзқарасын қалыптастыруға, Жолдауда атап көрсетілгеніндей өз үлесімізді қоса беретінімізді айтқым келеді. Гүлшат РАСМҰХАНОВА, “Болашақ” университетінің оқытушысы. ҚЫЗЫЛОРДА.