
Қолат-қойнауы алтын мен күміске толы қазыналы еліміздің байлығына сырттан көз тігушілер көп екені белгілі. Оны бірлесе игеруге ынта танытып отырғандардың қатары да жыл сайын артып келеді. Осыған орай, үш-төрт жылдан бері қымбат бағалы металдарға байланысты елімізде көптеген өзгерістер орын алуда. Мамандардың пікірінше, алтынға қатысты түбегейлі шешімі жоқ, күрделі түйткілді шеше білсек, Қазақстан экономикасы дами түспек.
Бүгінде елімізде «Ақбақай», «Алтынтау», «Майқайың алтын» сияқты алтын өндіретін зауыттар бар. Осындай зауыттардан жылына тонналап таза алтын өндіріледі екен. 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндірісі осыдан бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 48,3%-ға артып, 21,5 тоннаны құрады.

Қолат-қойнауы алтын мен күміске толы қазыналы еліміздің байлығына сырттан көз тігушілер көп екені белгілі. Оны бірлесе игеруге ынта танытып отырғандардың қатары да жыл сайын артып келеді. Осыған орай, үш-төрт жылдан бері қымбат бағалы металдарға байланысты елімізде көптеген өзгерістер орын алуда. Мамандардың пікірінше, алтынға қатысты түбегейлі шешімі жоқ, күрделі түйткілді шеше білсек, Қазақстан экономикасы дами түспек.
Бүгінде елімізде «Ақбақай», «Алтынтау», «Майқайың алтын» сияқты алтын өндіретін зауыттар бар. Осындай зауыттардан жылына тонналап таза алтын өндіріледі екен. 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда өңделмеген және жартылай өңделген алтын өндірісі осыдан бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 48,3%-ға артып, 21,5 тоннаны құрадыАлтын өндірісін жылына 70 тоннаға дейін арттыру жоспарланып отыр. «Алтынның қолда барда қадірі жоқ» демекші, осыншама қомақты алтынды өндіреміз деп елдің жерасты байлығын арзанға сатып, байлығымыздың талан-таражға түспесіне кім кепілдік бермек? Біздің болашақ мұрагерлеріміздің алдындағы міндетіміз осы саф алтынды қорда қомақты етіп сақтап қалу емес пе? Экономикада ел байлығын аффинирленген алтын күйінде сақтау өте тиімді жол екен. Соған қарағанда, данагөй халқымыз «Алтының болса, азбайсың» деп бекер айтпаған.
«Ал, біз ше, шетелге арзан бағаға алтынымызды сатып мәз болып жүрміз, әлемдік қор биржасындағы бағаға лайық етіп, грамын 4000 теңгеге сатамыз, тіпті, одан да төмен етіп заңсыз сатып жүргендері де бар», дейді «Алтынтау» зауытының жұмысшысы (аты-жөнін айтудан бас тартты).
Осыдан кейін елдегі алтын бизнесі кенжелеп қалмайтындығына кім кепіл болмақ? Бұл саладағы кәсіпкерлерге кім қол ұшын созбақ, олардың отандық алтын бизнесі туралы пікірі қандай?
Бұл жөнінде қостанайлық «Содалит» зергерлік компаниясының директоры Евгений Александрович былай деген еді:
– Елдің жерасты байлығын сату үшін үлкен ойдың да қажеті шамалы. Мен, мысалы, қостанайлықпын. Бізде жерастынан темір өндіреді. Сол темір Ресей секілді елдерге арзан бағаға сатылады. Көп уақыт өткен жоқ, 3-4 жыл бұрын сол Қостанайда темір емес, арматура сататын зауыт ашылды. Арматура мен темір екеуі екі басқа, арматура дайын өнім, яки бұл жерде көптеген жұмыс орындары ашылды. Халық жұмыспен қамтамасыз етілді. Ал, алтын саласына келсек, бұл бағалы металл бизнесінде көптеген кемшіліктер бар. Әрине, оның ең бастысы, халықты қынжылтатыны алтынның экспортқа шикізат күйінде арзан бағаға сатылуы. Мемлекет керісінше шетелге шығаратын алтынның қорын шектеп, өз елімізде зергерлік бұйымдардың бизнесін жаңғыртамыз деген кәсіпкерлерге ынталандыру жасаса, елде алтын зергерлік бизнесі сөзсіз жанданып, Қазақстан бірте-бірте Түркия секілді пәленбай мың тонна алтынмен апталған бұйымдарын сыртқа шығарар еді. Егер шикізатты емес, зергерлік бұйымдарды еліміздің өзі экспортқа шығарса, бұл экономикамызға көптеген қомақты қаржы түсіреді, жұмыс орындары ашылып, Қазақстанның әлемдік экономикада беделі асқақтар еді. Міне, осының бәрін Үкімет қарастырамыз деп сөз бергендей болды. Соңғы уақытта осыған байланысты Үкіметтің жиналыстарына жиі қатысып жүрмін, – дейді.
Тағы айтатын жайт, үш-төрт жыл бұрын елімізде 10 336 кг. алтын өндірілген. Жоғарыда айтылған ірі зауыттардан басқа елімізде 100-ге жуық кішігірім зауыттар алтын өндірумен айналысады екен. Соның ішінде заңсыз арзан бағаға алтынды шикізат күйінде шетелге асырып ж