Экономика • 30 Сәуір, 2020

62,5 млрд теңге несие мақұлданды

277 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай режіміне байланысты елімізде 1,6 млн-нан астам қарыз алушының қарызын өтеу мерзімі кейінге шегерілді. Жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша 246 кәсіпкердің өтініші мақұлданды. 1,7 млн адам әлеуметтік жәрдемақы алу үшін төлем картасы мен карточкалық шот ашты.

62,5 млрд теңге несие мақұлданды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халық пен бизнесті қолдау жөнін­дегі шаралардың орындалу мони­торингін жалғастыруда. Агенттіктің хабарлауынша, 28 сәуірге дейін екінші деңгейлі банк­терге және өзге де несиелеу ұйымдарына қарыздар мен микрокредиттер бо­йынша төлемдерді тоқтата тұру туралы 1 844 599 өтінім түсті. Оның ішінде 1 831 489 өтініш жеке тұл­ғалардан болса, 13 110 ша­ғын және орта кәсіп­керлік субъек­тісі төтенше жағдай кезе­­ңінде кредиттер бойынша мер­зімді кейінге шегеруді сұра­ған. Нәтижесінде 1 661 232 жеке тұлға 237,4 млрд теңге сома­ға немесе барлық қарыз алу­шы­ның 31,3%-ы тө­лем­дерді тоқ­тата тұруға мүмкіндік алды. Оның 299 363-і халықтың әлеу­меттік жағынан осал топ­тары­­ның өкілдері екенін айта кету керек.

Сонымен бірге 11 561 ша­ғын және орта кәсіпкер­лік субъек­тісінің жалпы сомасы 138,8 млрд теңгені құрайтын несиесі кейін өтелетін болды. Қалған өтінімдер қаралып жатыр, 10 жұмыс күні ішінде олар бойынша тиісті шешімдер қабылдануға тиіс.

Бүгінгі таңда еліміз­де шамамен 5,3 млн аза­мат­тың – 4,4 трлн теңге­ге жуық, 26,2 мыңға жуық ша­ғын және орта кәсіп­кер­­лік субъектісінің – 3,9 трлн теңгеге тарта банк­­тік қарыздары мен мик­ро­кредиттік ұйымдарға берешегі бар.

– Екінші деңгейдегі банк­­­терден алынған деректер­­ге сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілері мен жеке кәсіпкерлер 274,8 млрд теңге несие алуға 1 313 өтінім берді. Оның ішінде жалпы көлемі 62,5 млрд теңгені құрайтын 246 өтініш мақұлданды, – деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметі.

Төтенше жағдай кезінде әлеуметтік жәрдемақы алу үшін 1,7 млн адам төлем карточкасын және кар­точ­калық шот ашты. Пре­зи­дент Қ.Тоқаевтың Мем­лекеттік комиссияның 2020 жылғы 10 сәуірдегі отырысында берген тапсырмасы шеңберінде Қар­жы нарығын реттеу жән­е дамыту агенттігі екінші дең­гейдегі банктермен тө­лем карточкаларын банк­тер­дің бөлімшелеріне бар­май-ақ қашықтан алу алго­ритмін дайындаған болатын. 

– Осыған дейін барлы­ғы 1 013 558 азамат қа­шық­­тан карточкалық шот және төлем карточкасын аш­ты, төлем карточкалары 700 мың­дай клиент­­тің үйіне жет­кізіліп беріл­ді. Қа­шық­тан «Қазақ­стан­­ның Ха­лық банкі» АҚ – 564 615, Kaspi Bank – 358 884, Forte Bank АҚ – 26 745, «Банк Центр кредит» АҚ –

 25 258 төлем карточка­сын ашқан. «Қазпошта» АҚ 88 397 төлем карточка­сын азаматтардың үйіне апарып берді, – деп хабарлады агенттік.

Президент тапсырмасы бойынша Ұлттық банк Қар­жы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бір­лесіп Шағын және орта кәсіп­керлік субъектілерін же­ңіл­дік­пен кредиттеу бағ­дар­ламасын әзірлеген бола­тын. Бағдарламаны іске асыру үшін шағын, орта кәсіп­­кер­лік субъектілеріне және дара кәсіпкерлерге екін­ші дең­гейдегі банктерге негіз­дел­ген салымдар орналастыру ар­қылы 600 млрд теңге бөлінді.

Бизнесті қолдау тетігі екінші деңгейдегі банктердің төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен шағын және орта кә­сіпкерлік субъектілеріне, жеке кәсіпкерлерге айналым капиталын толық­тыру үшін 12 айға дейінгі мерзімге жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлеме бо­йынша жеңілдікпен кредиттер беруі арқылы іске асырылады. Екінші деңгейдегі банк­­тер қаражатты 3 ай ішін­де толық игеруге тиіс.

Қаражат кімдерге бері­леді? Бағдарлама шең­берін­де игерілуге тиіс қара­жат ШОБ субъек­тілеріне кредит беруге жұм­­салуға тиіс. Әр қарыз алу­шыға қатыс­ты ақша көле­міне ли­мит қойылған. Ол заңды тұл­ғаларға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін 3 млрд теңгеден аспайды; жеке кәсіпкерлерге берілетін ең үлкен несие – 50 млн теңге.