Ауа райы • 11 Мамыр, 2024

+32 градус: Демалыс күндері ауа температурасы қандай болады?

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері 11-13 мамыр аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын ұсынып, күн ыситынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

+32 градус: Демалыс күндері ауа температурасы қандай болады?

Иран аймақтарынан келетін бұлт өрісі елдің батыс аймақтарын жаулап алады, соның әсерінен күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауады.

Бұршақ түсіп, ауа температурасы төмендейді. Фронттар республиканың шығысына қарай жылжиды. Салдарынан шығыс, солтүстік, орталық облыстарда найзағай жарқылдап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

Температура біртіндеп максималды 22-27 градус жылыға дейін көтеріледі.

Оңтүстік және шығыс өңірлерде де құбылмалы ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады.

Дегенмен, күндіз термометр бағаны бірте-бірте Цельсий бойынша плюс 20-32 градусқа дейін көтеріледі.