Тағайындау • 30 Сәуір, 2020

Серік Сыдықов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне Серік Сыдықов бекітілді. Оның кандидатурасын палатаның жалпы отырысында Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева ұсынды.

Серік Сыдықов Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды

«Маған берілген құқықты пайдалана отырып, Орталық сайлау комиссиясы мүшесі қызметіне Серік Сыдықовтың кандидатурасын ұсынамын. Серік Сламжанұлын жақсы білесіздер, ол білікті заңгер. Сенат аппаратында 25 жылдан астам уақыт жауапты қызметтерді абыроймен атқарды. Парламенттегі мол тәжірибесі Орталық сайлау комиссиясы мүшесі қызметінде пайдалы болады деп сенемін», - деді Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева.

Депутаттар Серік Сыдықовтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Серік Сыдықов 1962 жылы туған, жоғары заң білімі бар. Өзінің еңбек жолын 1 985 жылы Алматы қаласында «Казгидрорыбпроект» институты кадр бөлімінің аға инспекторы ретінде бастаған.

1986 жылдан бастап Қазақ КСР Мемлекеттік еңбек комитеті Іс басқармасының аға экономисі, азаматтық қорғаныс және арнайы жұмыс жөніндегі инспекторы, кадр секторының бірінші санаттағы маманы, бірінші санаттағы экономисі (заңгер).

1991 жылдан бастап Еңбек министрлігі Еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің бас заңгер-консультанты, Мемлекеттік жұмыспен қамту инспекциясының бастығы – Жұмыспен қамту бас басқармасы бастығының орынбасары, Еңбекті құқықтық реттеу бөлімінің бас маманы.

1994 жылдан бастап «Тұран-Агро» фирмасы заң бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1995 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жоғарғы Кеңестегі өкілдігінің аға сарапшысы.

1996 жылдан бастап Парламент Сенаты аппараты Сараптама бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі.

2007 жылдан бастап Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары, бірінші орынбасары.

2016 жылдан бастап Парламент Сенаты аппаратының басшысы.

2020 жылдан бастап Парламент Сенаты төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды.