19 Қыркүйек, 2013

Қазақстан қоржынында – 29 медаль

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда өтіп жатқан ІІІ Еуразия ойындарында Қазақ­стан құрамасы көш бастап келе­ді. Қыркүйектің 15-інде сөре­ден шыққан бұл байрақты бәсе­кеге біздің елімізден бас­қа, Қырғызстан, Тәжікстан, Ре­сей және Беларусь секілді 5 мем­ле­кет­тің 1996-2000 жылдары туған жас спортшылары қатысуда.

Күні кешеге дейін аяқталған сайыстардың қорытындысы бойынша жерлестеріміз 14 алтын, 11 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды. Екінші орындағы ресейліктерде 14 алтын, 9 күміс, 6 қола жүлде бар. Ал Беларусь құрамасы 1 алтын, 2 күміс, 4 қола медальмен үшінші болып тұр.

Қазақстандықтар командалық сында велоспорттың тас жолдағы жарысы мен спорттық гимнас­тикада бірінші болды. Жекелей сында көпсайысшы Әкім Мұ­саев, ауыр атлет Альберт Линдер (69 кг), грек-рим палуаны Әли­хан Әшмахан (35 кг), Ернұр Фи­дах­метов (50 кг), Райымбек Құрманәлі (58 кг), таэквондошы Артур Ким (48 кг), Аяулым Сұл­тан­баева (52 кг), Сұлтан Қали­бекұлы (73 кг), Еркебұлан Әбіл­қас (78 кг), дзюдошы Әдия Сайын (40 кг), Ескендір Жүсбеков (55 кг), Бауыржан Жауынтаев (60 кг) алдарына жан салмады.

Ойындар ертең аяқталады.

Руслан ИГІЛІК.

Соңғы жаңалықтар