19 Қыркүйек, 2013

«Қазақ тілді сайттардың ұлттық сыйлығы» байқауының ЕРЕЖЕСІ

431 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай еліміздің ғаламтор кеңістігінде мемлекеттік тілде ақпарат тарататын интернет-сайттар арасында байқау жариялайды

«Қазақ тілді сайттардың

ұлттық сыйлығы» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқауды ұйымдастырушы: Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Байқаудың мақсат-міндеттері:

Қазақстандағы интернет жүйесінің қарқынды дамуына, соның ішінде ақпараттық ресурстар мен сервистерді дамытуға, қоғамның ақпараттық мә­дениеттілігін жоғарылатуға, желілік қауымдастыққа жаңа пайдаланушыларды тартуға, қазақ тілді үздік ресурстардың Интернет желісіндегі танымалдылығын арттыруға ықпал ету.

Мемлекеттік тілді дамыту қоры Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай еліміздің ғаламтор кеңістігінде мемлекеттік тілде ақпарат тарататын интернет-сайттар арасында байқау жариялайды

«Қазақ тілді сайттардың

ұлттық сыйлығы» байқауының

ЕРЕЖЕСІ

Байқауды ұйымдастырушы: Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Байқаудың мақсат-міндеттері:

Қазақстандағы интернет жүйесінің қарқынды дамуына, соның ішінде ақпараттық ресурстар мен сервистерді дамытуға, қоғамның ақпараттық мә­дениеттілігін жоғарылатуға, желілік қауымдастыққа жаңа пайдаланушыларды тартуға, қазақ тілді үздік ресурстардың Интернет желісіндегі танымалдылығын арттыруға ықпал ету.

Байқауға тәуелсіздік жылдары қалыптасқан құндылықтарымызды үздіксіз насихаттап, мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту мақсатымен қоғам өмірінде белсенділік танытып, өткір де өзекті мақалалар жариялап жүрген интернет-сайттар қатыса алады. 

Байқаудың міндеті:

– Елімізде қазақ тілінде ақпарат таратып, қоғамдағы өзекті мәселелерді дер кезінде көтеріп, талдап-сараптап, өз оқырманына шынайы ақпарат жеткізуде белсенділік танытып жүрген үздік интернет ресурстарын қолдау;

– Қазақ тілді интернет ре­сурс­тардың жұртшылықтың, өскелең ұр­пақтың патриоттық сезімін, тілі мен мәдениетіне, тарихына деген қызығушылықтарын қалыптастыру мен арттырудағы рөлін айқындау;

– Сайт қолданушыларының ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) белсенді пай­далануға жұмылдыру.

Байқау номинациялары:

«Өткір тіл» – мемлекеттік тілді жә­не ұлттық құндылықтарды насихаттаушы үздік сайтқа»;

– «Рухани азық» – әдебиет пен мәдениетті насихаттаушы үздік сайтқа»;

– «Терең ізденіс» – қазақ елінің тарихын насихаттаушы үздік сайтқа»;

– «Шынайы өмір» – қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеруші үздік сайтқа»;

– «Спорт тынысы» – саламатты өмір салты мен спортты насихаттау­шы үздік сайтқа».

Байқау талаптары:

– Ғаламтор кеңістігінде кемінде бір жыл бойы жұмыс істеп, қазақ тілінде ақпарат тарататын және қызмет түрі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін кез келген сайт қатыса алады;

– Байқауға үкіметтік емес, тәуелсіз, қоғамдық сайттар қатыса алады;

– Байқауға мемлекеттік ор­ган­­­дардың, шетелдік ұйымдардың, бұ­қа­ра­лық ақпарат құралдарының элек­тронды нұсқалары (газет, ТВ, радио) қатыса алмайды.

Байқау шарттары:

– Сайт ақпараттарының тек қазақ тілінде таратылуы;

– Қазақ тілі мен ұлттық құн­ды­лықтардың дәріптелуі;

– Патриоттық тақырыптардың үздіксіз көтерілуі;

– Сайттағы материалдардың жиі жаңартылып отыруы;

– Сайтты қолданушылар санының аз-көптігі;

– Порталда жарияланған мате­риал­дардың қоғамда қызу талқыға түсуі;

– Сайт дизайнының портал ұста­нымына сай безендірілуі;

– Әлеуметтік желілерге, олардың ішінде Twitter, Facebook, ВКонтакте және т.б. шығу мүмкіндігінің қам­та­масыз етілуі есепке алынады және зерделенеді.

Байқауға қатысу үшін төмен­дегідей материалдар жолданады:

● Сайттың домендік атауы;

● Сайттың бас бетінің скриншоты;

● «Zero рейтингтік компаниясы» ұсынатын сайт қолданушылары туралы бір айлық сандық көрсеткіш;

● Сайттың бас редакторы мен ұжымы жөнінде қысқаша мәлімет;

● Сайттың бағыты мен тарихы туралы қысқаша ақпарат;

● Ұжымның қол жеткізген жетіс­тіктері туралы мәлімет.

БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАУ ШАРТТАРЫ:

Байқау жеңімпаздары

Соңғы жаңалықтар