Өрттенген - жұмыртқа салуға картон қағаздан лотоктар дайындайтын цех. Өрт кезінде олар цехта екі метр биіктікте үйіліп тұрған екен. Отты сөндіру өртсөндірушілерге оңай болмаған. Даладағы қатты жел өртті лаулата түскен. Оның үстіне картон өнімдері де жалынға лезде оранып, өрт қызуын арттыра түскен. Бұл жерге су да жеткізілмеген. Соған қарамай Петропавл қаласының 4 және Бескөл селосының 1 өртсөндіргіш учаскелерінен жеткен 60 шақты өртсөндіргіш 9 техниканың көмегімен тілсіз жаумен екі сағаттай алысып, ақыры оны өшірді.
Әйтеуір зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Солтүстік Қазақстан облысы