Ресми ақпарат бойынша, марқұм 1959 жылы туған ер адам болып шықты. Павлодар облысының тұрғыны. Марқұмның коронавируспен қоса созылмалы ауруы да болған екен. Жамбыл облысының шекарасын кесіп өткен кезде оның дене қызуының көтерілгені байқалып, артынан стационарға жатқызылған. Кейінірек алынған қан талдауларының нәтижесінде оның коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болып, емдеу жұмыстары басталады. Алайда, өкінішке қарай, науқас кеше түнде көз жұмады.
Жамбыл облысы