Тағайындау • 04 Мамыр, 2020

Мәулен Әшімбаев Сенат Төрағасы болып сайланды

1306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Парламент Сенатының отырысы өтті. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Мәулен Әшімбаев Сенат Төрағасы болып сайланды

Президенттің ұсынысы бойынша сенаторлар жасырын дауыс беру арқылы Мәулен Әшімбаевты Парламент Сенатының Төрағасы етіп бір ауыздан сайлады.

М.Әшімбаев Президентке және сенаторларға жоғары сенім көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

– Президентіміз еліміздің алдында тұрған мақсаттарға жан-жақты тоқталып кетті. Қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселе, ол әрине, пандемиямен – бүкіл әлемге тараған осы індетпен күресті жалғастыру. Мемлекет басшысы атап өткендей, барлық мемлекеттік органдардың басты міндеті төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін Елбасымыздың саясатының сабақтастығын сақтап, мемлекетімізді, экономиканы одан әрі дамытуға, еліміздің әл-ауқатын арттыруға бағытталған Президентіміздің стратегиясын іске асыру болып табылады. Қазақстан Парламенті Сенаты Мемлекет басшысының саясатын заңнамалық тұрғыда сапалы қамтамасыз ету үшін қажетті барлық шараны жүзеге асырылады, – деді Мәулен Әшімбаев.