Аймақтар • 04 Мамыр, 2020

Шымкентте коронавирус жұқтырған тағы 1 адам тіркелді

123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вирус жұқтырған 1979 жылы туылған әйел, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, зертханалық сынама алынған.  

Шымкентте коронавирус жұқтырған тағы 1 адам тіркелді

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.

Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті  ем жүргізілуде.     

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

04.05.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 213 адам анықталды.

 

 

Шымкент